Соңғы жаңалықтар

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 31 қаңтар күні сағат 11.00-де ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

19.03.2025 «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесі

2025 жылдың 19 наурызы күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағымен бірлесіп, «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесін ашады.

Қуыршақ өнері елімізде жаңадан дамып келе жатқан өнер түрі. Осыған қарамастан, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағының құрамына кіретін бірқатар шеберлер бас қосып, Алматы, Астана, Риддер, Жаркент қалаларынан жиналған 21 шебер 140 авторлық жұмысын осы көрмеге ұсынып отыр.

Көрменің тақырыбы – «Шығыстан Батысқа дейін». Бұл іс-шара көктем мен жаңарудың бүкілхалықтық мерекесі – Наурыз мейрамы аясында өтеді. Осыған байланысты шығыстанушы, ғалым Шариф Мұхаммедұлы Шүкіров атап өткендей: «Әлемдік мәдениет тарихында белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты өз этносы мен дінінің шеңберінен шығып, кең ауқымды қамтитын мерекелер бар. Олар басқа халықтарға қоныс аудармайды, керісінше, дәстүр аясында сақталып, көрші халықтар мен түрлі мәдениеттерді өз энергетикалық өрісіне тартады». Біздің көрмемізде дәл осы идея – Шығыс пен Батысты, олардың мәдениеті мен эстетикасын, өзіндік образдарын біріктіретін терең байланыс көрініс табады.

Көрменің мақсаты – алматылықтар мен қала қонақтарына еліміздегі талантты шеберлерді таныстыру. Әрбір жұмыс бірегей және оларды бірнеше апталар мен айлар бойы жасайды. Тынымсыз еңбек пен шеберліктің нәтижесінде дүниеге келген бұл бірегей туындылар жеке коллекцияларда сақталып, әлемнің түрлі галереяларында лайықты орындарын тауып келеді.

«Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық бірлестігінің коллекциялық қуыршақтар көрмесінде қуыршақ шеберлерінің түрлі техникада жасалған авторлық жұмыстары ұсынылады.

«Шығыстан Батысқа дейін» көрмесінің ашылуына Алматының белгілі суретшілері, галеристері, кәсіпкерлері, аймақтық және республикалық телеарналардың өкілдері қатысады

Баршаңызды «Шығыстан Батысқа дейін» көрмесіне шақырамыз.

Көрме 2025 ж. 19 наурыз және 03 сәуір аралығында өтеді.

Мекен-жайымыз: ҚР Мемлекеттік орталық музейі, Самал-1, 44-үй

Ұйымдастырушы: Татьяна Фисенко («Art Dolls Collection_KZ») , 8 747 389 88 88

Орталық музейдің баспасөз хатшысы: Айнұр Маулен +7 701 678 1538