Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

23.04.2025 ж. «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрмесі

2025 жылғы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы кәсіптер жылы» деп жариялауына орай «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – ел дамуына жұмысшы мамандықтарының маңызын нақты еңбек адамдарының өмірі арқылы көрсету, еңбек ерлігінің тарихи жадысын сақтау және жұмысшы кәсіптердің өзектілігін айқындау.

Көрмеде өндірістің алдыңғы қатарлы еңбеккерлері мен Социалистік Еңбек Ерлерінің ерліктерін баяндайтын бірегей фотодеректі материалдар ұсынылды. Атап айтқанда: Қарағанды қаласындағы №3 шахтаның навалоотбойщиктер бригадасының бригадирі Шоманов Сәкен; М. Калинин атындағы Семей ет комбинатының еңбек ардагері Байсақақов Түйтебек; «Киров» шахтасының кешенді өндіру бригадасының бригадирі Абдрасұлов Қыдыр және елдің өнеркәсібі мен халық шаруашылығының дамуына зор үлес қосқан басқа да көрнекті еңбек адамдары.

Іс-шараға Алматы қаласының кәсіби колледждерінің студенттері қатысты. Олар: Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжі, Алматы автомеханикалық колледжі, Архитектура, дизайн және инжинерия колледжі, Политехникалық колледж, сондай-ақ «АЗТМ» АҚ (Алматы ауыр машина жасау зауыты) қызметкерлері.

Көрменің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендер:

  • «АЗТМ» АҚ техникалық директоры – Төрсеитов Мұратбек Қапашұлы.
  • Архитектура, дизайн және инжиниринг колледжінің аға оқытушысы – Алибақова Айтгүл Құланқызы.
  • Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжінің оқытушысы – Ілиясов Қуаныш.

«Кәсіптің күші – халықтың игілігі» көрмесі жұмысшы мамандықтарын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналып, жас ұрпақты жасампаз еңбек жолын таңдауға шабыттандырады деп сенеміз.