Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

30.04.2025 ж. «Шоқаны бар ел –шоқтығы биік» көрмесі

2025 жылдың 30 сәуірі  күні сағат 11. 00-де қазақтың біртуар ғалымы, энциклопедист Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқаны бар ел –шоқтығы биік» көрмесі ашылады. Көрмеге ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қорынан, сондай-ақ мұрағат қорынан алынған ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты экспонаттар қойылады.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай облысы) Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Жеке мектепте білім алған Шоқан араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Ол 1847-1853 жж. Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусында оқыған. 1855-1857 жж. аралығында әскери-ғылыми экспедициялардың құрамында болып, қазақ және қырғыз жерінің едәуір бөлігін аралайды. 1858-1859 жж. Ш. Уәлиханов Әлімбай деген лақап атпен Шығыс Түркістанға, Қашқарға саяхат жасап, өңірдің тарихы, географиясы мен этнографиясы жөнінде аса құнды зерттеулер жазады. Осы сапар кезінде жинақтаған материалдары негізінде «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұқараның) шығыстағы алты қаласының жай-күйі» деген еңбегін жазды. Еуропалықтар үшін беймәлім болып келген Қытай аймағындағы Шоқанның ашқан жаңалықтары ғалымдардың жоғары бағасына ие болды. 1860 жылы Шоқан әскери министрліктің шақыртуымен Петерборға келіп, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өмірін зерттеуші ғалым, саяхатшы ретінде қызметке қабылданады. Жаңалықтары үшін штабс-ротмистр шені мен ақшалай сыйлық берілді. 1861 ж. елге оралған Шоқан өмірінің соңғы жылдарын Верный (қазіргі Алматы) қаласында өткізген. 1864 жылдың жазында Алтынемел жотасының Көшен-Тоған шатқалында тұратын Алатау округінің аға сұлтаны Тезек Нұралыұлының ауылына қоныс тепті. 1865 жылы сәуір айында осы ауылда дүние салды.

Қазақтың аса көрнекті ғалымы Шоқанның шығармалары – ұлт мәдениетінің рухани әлеміндегі шоқтығы биік қайталанбас дара туындылар. Оның артына қалдырған тарих, этнография, құқық, фольклор, география, филология салалары бойынша жазған мұралары – ғасырлар бойы маңызын жоймайтын тағылымы мол сарқылмас бай қазына.

Көрмеде ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қорында сақтаулы Шоқанның жеке бұйымдары, қолжазбалары және шығармалары, сондай-ақ, ол туралы жарық көрген кітаптар мен басылымдар насихатталады. Көрмеге Шоқанның бөрігі мен мылтығының дүмі, Қашқар сапарынан әкелген қытай құмырасы, сапарда алып жүрген жолторсығы және «Алтынемел» мемориалдық музейінен әкелінген ұлы тұлғаның тұтынған мыс тостағаны, күміс қасығы, парша белбеуі сияқты т.б. заттарымен бірге Шоқан Уәлихановты IV дәрежелі әулие Владимир ордені, Орыс географиялық қоғамының толық мүшесіне сайланғандығы туралы дипломы (көшірмесі), сондай-ақ Шоқанның экспедиция барысында әкелінген бағалы тастары да орын алады.

Көрменің елеулі бөлігінде Шоқанның туысқандырына қатысты экспонаттар: қарындасы Тәжібайдың аққу терісінен тігілген бірегей ішігі, әпкесі Әпиянің көйлегі, қарындастары Бәдіғұлдың бешпенті, Нұриланың орамалы, нағашысы Иса Шормановтың шекпені сияқты жәдігерлермен көрермендер таныса алады.

Көрменің мазмұнын аша түсуге ҚР МОМ қорындағы Н.Я. Третьяков, Н.Г. Хлудов, П.И. Дьяков сынды суретшілер салған Шоқанның портреттері мен сол заманның көрінісін бейнелейтін фотосуреттер де қойылады.

Көрме аясында өткізілетін «Шоқанның ғылыми өнегесі» атты дөңгелек үстелде ұлы ғалымның мұрасының мәні мен маңызы, оның игерілуі туралы тарихшы, этнограф, өнертанушы, философ, географ, филолог, музейтанушы және т.б. мамандар баяндама жасап, өз ойларымен бөліседі.