Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

19-26.11.2025 «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі

2025 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлерді, суретшілерді және құрақ құрау өнерін сүйетін жанкүйерлерді біріктірген, тоқыма өнерінің бай дәстүрлерін паш еткен маңызды мәдени оқиға.

Іс-шараны ресми түрде пэчворк тігісі қауымдастығының президенті, жобаның бастамашысы және көрменің ұйымдастырушысы Т.Б. Штрошерер ашты. Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің директорының міндетін атқарушы Саров Сержан Бараханұлы құттықтау сөз сөйлеп, көне қазақ өнері – құрақтың жаңғыруының маңызын атап өтіп, оның уақыттар сабақтастығын сақтай отырып, қазіргі шеберлердің жұмыстарында көрініс тауып отырғанын ерекше атап өтті.

Салтанатты бөлімге халықаралық қазылар алқасы – Марсель Рамсейер (Швейцария), Наталья Кривец (Франция), Дмитрий Дзибалов (Қазақстан), Наталья Маметниязова (Қазақстан) және Тамара Штрошерер (Германия) қатысып, «Әлемдерді тоғайту: пэчворк — мәдениеттер диалогы» конкурсының жеңімпаздарын BERNINA (Швейцария), CROWN (Германия) және «Тігін Машиналары Үйі» компаниялары ұсынған бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Көрмеде Наталья Кривец жинаған көне қазақ кілемдерінің бірегей топтамасы, сондай-ақ тұскиіз, құрақ, пэчворк және арт-қвилт шығармалары ұсынылды. Бұл экспозиция 2025 жылы Сент-Мари-о-Минде (Франция) өткен отызыншы мерейтойлық фестивальда зор жетістікке жеткен болатын. Бұл фестиваль — Жапонияның Токио және АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы фестивальдерден кейінгі тоқыма өнерінің әлемдегі ең ірі үш оқиғаның бірі.

Көрмеде отандық жетекші квилтинг және пэчворк шеберлерінің жеке көрмелері де қойылды: Н. Дьяченко (Қарағанды), Н. Маметниязова (Алматы), З. Бельгібаева (Алматы), М. Турлыбекова (Семей), Г. Сурнина (Алматы). Сонымен қатар, «Әлемдерді тоғайту: пэчворк — мәдениеттер диалогы» атты конкурс көрмесі ұйымдастырылып, онда жүздеген матаның қиықтарынан құрастырылған бірегей полотнолар халықтар достығының символы ретінде ұсынылды.

Қонақтар үшін лотерея ойнатылып, ұлттық киімдер көрсетілімі және «Тігін Машиналары Үйінің» тәжірибелі кеңесшілері жетекшілік еткен, заманауи швейцариялық BERNINA жабдығымен лоскут тігісі бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.