Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

08.05.2025 ж. «Ерлік дастаны: ұрпаққа ұран, тарихқа тағзым» атты көрме

 

2025 жылғы 8 мамырда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік дастаны: ұрпаққа ұран, тарихқа тағзым» атты көрме өтті.

Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығын көрсету, халқымыздың фашизмге қарсы күрестегі тарихи үлесін дәріптеу және жас ұрпақ бойында Отанға деген мақтаныш пен ата-бабалар ерлігіне деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Экспозицияда тыл еңбегінің маңыздылығын айқындайтын фотодеректер, құжаттар мен күнделікті тұрмыстық заттар ұсынылды. Азық-түлік пен тауарларды бөлу жүйесін бейнелейтін карточкалар, тылдың ауыр еңбегі мен майданға қосқан үлесі кеңінен көрсетілді.

Көрменің құнды жәдігерлерінің бірі – Брест бекінісінің қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті болды. Онда штыктің ұшымен жазылған «УМ.РАЮ АХМ» деген жазу сақталған. Бұл жәдігерді 1963 жылы Брест бекінісін қорғаушылардың бірі Қ. Иманқұлов алып келген. Сонымен қатар, көрмеде 1941 жылғы 26 маусымда жауынгерлік ұшуды орындау кезінде қаза тапқан ұшқыш-оқшышы, кіші сержант Бахтураз Бейсекбаевтың жеке марапаттары — Ресей Федерациясының «Алтын Жұлдыз» медалі мен Қазақстанның «Халық Қаһарманы» ордені қойылды. Музей қорының соғыс қарулары да ерекше қызығушылық тудырды.

Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі директорының міндетін атқарушы Сержан Бараханұлы Саров құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, шараға тарих ғылымдарының докторы, жазушы-журналист, зерттеуші Ләйлә Сейсембекқызы Ахметова, профессор, журналистер академиясының академигі Валерий Айтмукашевич Жандаулетов, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары – Дина Шавкатовна Чултурова мен Жумагали Паримбекұлы Маханов қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.

Көрмені Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің туыстары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының курсанттары, жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарының студенттері, сондай-ақ №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен өзге де білім беру мекемелерінің өкілдері тамашалады.

Бұл көрме – соғыс жылдарының ауыртпалығы мен қаһармандық рухын нақты жәдігерлер мен адам тағдырлары арқылы көрсеткен тағылымды шара болды. Көрермендер Ұлы Жеңістің тарихына батырлардың жеке өмірі мен ерлігі арқылы терең бойлай алды.