Соңғы жаңалықтар

16.05.2025 ж. Суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІ РУХЫ» жеке көрмесі

2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІЛЕР РУХЫ» жеке көрмесінің ашылуына

Подробнее »

01.05.2025 ж. «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының «Судағы шеңберлер» атты көркем шығармашылық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сағат 14:00-де «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының «Судағы шеңберлер» атты көркем

Подробнее »

23.04.2025 ж. «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрмесі

2025 жылғы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы кәсіптер жылы» деп жариялауына орай

Подробнее »

17.04.2025 ж. Суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 ж. 17 сәуірі сағат 16.00-де суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесін ашады. Вернисажда «Тау», «Гүлдер», «Аспан денелері» және басқа

Подробнее »

16.05.2025 ж. Суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІ РУХЫ» жеке көрмесі

2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІЛЕР РУХЫ» жеке көрмесінің ашылуына шақырады. Бұл көрме — көшпелі әлемнің дәстүрі, жадында сақталған құндылықтары мен эстетикасына арналған ауқымды көркемдік жоба. Көрме сондай-ақ 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Бұл көрме — көшпелі әлемнің дәстүрі, жадында сақталған құндылықтары мен эстетикасына арналған ауқымды көркемдік жоба.

Қазіргі заманғы өнер өз бастауларына – халқымыздың төл болмысы мен терең мәдени мұрасына қайта үңілуде. Осы бағытта «Көшпелілер рухы»  жобасы – суретшінің қазақтың тарихи жадын, рухани әлемі мен ұлттық бірегейлігін терең зерделеп, оны заманауи көркем тілмен жеткізуге бағытталған ізденісі. Бұл жоба — өткен мен бүгінгіні тоғыстырған көркем ойдың көрінісі, уақыттар үндестігін бейнелеуге арналған шығармашылық тәжірибе.

«Мен үшін дәстүр — тек өткеннің ізі емес, ол — шабыт пен рухани қуаттың қайнар көзі. Ол арқылы адамзаттың мәңгілік құндылықтары жөнінде ой қозғауға болады. Символдар, түстер мен бейнелер арқылы мен ұрпақтар арасындағы, мәдениет пен көрермен арасындағы үндестікті бейнелеуге тырысамын», — дейді Юлия Проскура.

Жобаның мақсаты – дәстүрлерді көркем тұрғыда қайта жаңғыртумен қатар, мәдени сабақтастықты, рухани мұраны сақтау маңыздылығын және әйел адамның осы құндылықтарды ұрпаққа жеткізудегі рөлін айқындау.

Көрмеге қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын дәстүрлі өрнектер, ұлттық символика мен мәнерлі бейнелер қолданылған, авторлық қолтаңбаға ие 30-ға жуық кескіндеме туындысы енгізілген.

Әр шығарманың бояу үйлесімі, терең мағыналы образдары мен көркемдік элементтерге деген көзқарас көрерменді еріксіз өзіне тартып, оны кең даланың тыныштығына, жусанның аңқыған иісіне және домбыраның сырлы үніне бөлейді.

Әрбір картина өзінің терең мағынасын, шабыт көздерін және мәдени мәнін ашатын аннотациямен бірге ұсынылады. Көрме қонақтары мифология, көшпелі халықтың өмір салты мен дүниетанымын бейнелейтін шығармалармен таныса алады. Сонымен қатар, көркем өнер арқылы халықтың тарихын түсіну мүмкіндігіне ие болады.

Көрме Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи диалогын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан ҚР Мемлекеттік Орталық музейдің қолдауымен ұйымдастырылады.

Сіздерді осы көркем оқиғаның бір бөлігі болуға шақырамыз. Мұнда сіздер қазақ мәдениетінің рухани байлығына апаратын терең, поэтикалық әлемді аша аласыздар. Өнер өткен мен бүгіннің арасындағы көпір болып, визуалды бейнелер қазақ халқының рухани мұрасына терең үңілуге мүмкіндік береді.

Көрме 2025 ж. 31 мамырына дейін жалғасады.