Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

04.06.2025 ж. «Анатолий Букреев: Өрлеу» фотокөрмесі

2025 жылғы 4 маусым күні, сағат 16:00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде әйгілі альпинист Анатолий Букреевке арналған «Анатолий Букреев: Өрлеу» фотокөрменің салтанатты ашылуы өтеді. Букреев — Эльбрус шыңына 1 сағат 47 минутта көтерілген (1990) және 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президентімен бірге Абай шыңына шыққан тарихтағы жалғыз альпинист.

Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қалалық Альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Көрме Букреевтің Эльбрусқа рекордтық жылдамдықпен көтерілгеніне 35 жыл және Абай шыңына жаппай альпиниаданың 30 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Ұйымдастырушылар: ҚР Мемлекеттік орталық музейі, Оңтүстік Орал мемлекеттік тарихи музейі, Челябі облысының қоғамдық бірлестігі «Серпінді Даму Альянсы».

«Анатолий Букреев: Өрлеу» көрмесі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анатолий Букреевтің мұрасын көпшілікке танытып, кеңестік альпинизм мектебінің маңыздылығын кеңінен көрсетуге бағытталған. Көрмеде Букреевтің балалық шағы, Оралдағы алғашқы шыңға көтерілуі, оқу жылдары мен әскердегі қызметі қамтылған. Сондай-ақ оның әлемдегі ең биік шыңдарға жетудегі жетістіктері, альпинизмдегі жаңа тактикаларды қолдануы, жеке рекордтары мен маңызды оқиғалар туралы баян етіледі.

Анатолий Букреев — кеңестік альпинист, таулы гид, әлемдегі 14 сегізмыңдық шыңның он біріне шыққан тұлға. 1989–1997 жылдар аралығында ол 8000 метрден биік шыңдарға 21 рет сәтті көтерілген. Әлемдік альпинизм тарихында небәрі 80 күн ішінде төрт сегізмыңдыққа шыққан алғашқы адам болды. Екі соңғы шыңға бір апта ішінде шыққан. Ол Екінші Гималай экспедициясы құрамында Канченджанга шыңына көтерілген.

Анатолий Николаевич Букреев Челябі облысы, Коркино қаласында дүниеге келген, Челябиде білім алған. Тауға деген қызығушылығы жасөспірім шағында пайда болды. Алдымен жергілікті геологтар клубында, кейін альпинизм секциясында Орал тауларының шыңдарына шыққан. Студенттік жылдары Қазақстан мен Қырғызстандағы алғашқы төртмыңдықтарды бағындырған. Әскерде спорт ротасында қызмет етіп, кейін Қазақстанда қалып, шаңғы жаттықтырушысы, кейін ЦСКА-да альпинизм жаттықтырушысы және нұсқаушысы болған.

Оның алғашқы жетімыңдық шыңдары — Ленин және Коммунизм шыңдары (1980). Ал келесі 12 жылда КСРО және Қазақстан құрамаларында әлемнің және еліміздің отыздан астам жетімыңдық шыңын бағындырған.

Букреевтің есімі 1996 жылы Эвересттегі қайғылы оқиға кезінде үш адамды құтқарған ерлігі арқылы бүкіл әлемге танылды. Бұл Эверест үшін нағыз ерлік еді.

Анатолий Букреев 1997 жылы 25 желтоқсанда Непалдағы Аннапурна шыңына қысқы экспедиция кезінде қаза тапты. Оның өмірі жайлы бірнеше деректі фильмдер түсіріліп, әлемнің әр түкпірінде ескерткіштер орнатылған. 2023 жылдың қаңтарында Алматыдағы теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан «Медеу» мұз айдынының алдына Анатолий Букреевке арналған ескерткіш орнатылды.

Экспозицияға Анатолий Букреевтің жеке мұрағатынан алынған 100 бірегей фотосурет, құжаттар, марапаттар мен жеке күнделіктері қойылды.