Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

28.06.2025 ж. Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғайды  және  көрме

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы   өнер және дизайн мектебі  бірлесіп 2025 жылғы 28 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғайды  және  көрме өткізеді.

Қорғау аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

2025ж. 28.06.:

  • 10:00 – 17:00 – Ә. Қастеев атындағы   өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жобаларын қорғау;
  • 10:00 – 16:00 – Көрме қонақтарына арналған тегін шеберлік сағаттары;
  • 28 маусым – 13 шілде 2025 ж. – «Алматы-менің сүйікті қалам!» атты байқауы және түлектердің дипломдық жобаларының көрмесі.

Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің құрылу тарихы 1981 жылдан басталады. Бұл мектеп Алматы қаласында бастауыш көркемдік білім беретін алғашқы мамандандырылған оқу орны ретінде құрылған — Алматы балалар көркемсурет мектебі. Қазіргі уақытта мектепте екі бөлім жұмыс істейді: «Бейнелеу өнері» және «Техника және дизайн»,  мұнда 5 жастан бастап және одан үлкен жастағы оқушылар білім алады.

40 жылдан астам уақыт ішінде Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі 100-ден астам байқау жобаларына белсенді түрде қатысып келеді. Солардың ішіндегі ең маңыздылары: «Қазақстан — жаңа әлемде», Mitsubishi Asian Children`s Enikki Festa (Азия-Тынық мұхиты ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының федерациясы), халықаралық «The Planet of Art» фестивалі, сондай-ақ жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық байқаулар — Inktober Kasteyev, Drawember Kasteyev, Наурыз түстері және т.б.

Ә. Қастеев атындағы  өнер және дизайн мектебі – жыл сайын дарынды жас суретшілер мен болашақ мәдениет қайраткерлерін даярлап шығаратын ЮНЕСКО-ның алғашқы клубы болып табылады. Мектеп оқушылары түрлі байқауларға белсенді қатысып, халықаралық деңгейдегі жүлдегер атанғандар да аз емес. Қорғауға ұсынылған әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен, бояу түсінің байлығымен және орындалу техникасымен дараланады. Оқушылардың жобалары әртүрлі бағытта жасалған: кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция, графикалық және сәулеттік дизайн, арт-нысандар және тағы басқа. Мектептің түлектері тек Алматы қаласындағы ғана емес, сонымен қатар Англия, Израиль, АҚШ, Жапония, Ресей, Чехия, Канада және басқа да елдердегі көркемдік колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуда.

Бұл — түлектердің Қазақстандық және шетелдік ЖОО-ға жоғары деңгейде түсу көрсеткішін айғақтайды. Көрме аясында өнер мектебінің оқушылары мен мұғалімдері оқу ордасындағы шығармашылыққа толы өмірді айқын көрсететін шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. 2024–2025 оқу жылдары Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер және дизайн мектебін 67 түлек аяқтады, оның ішінде Дизайн бөлімінен – 32, ал Бейнелеу өнері бөлімінен – 35 оқушы.

Көрмеде мектеп түлектерінің 1000-ден астам жұмысы қойылған.

Көрме 2025 жылғы 28 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.