Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

04.07.2025 ж. «Күмбірле, қоңыр домбыра» көрмесі және Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 4 шілдесі, сағат 11:00-де Ұлттық домбыра күніне орай музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан жасақталған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрменің ашылуы және атаулы күнге арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жас ұрпаққа домбыраның мәні мен маңызын таныту және халқымыздың бай музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау.

Экспозициядан халқымыздың рухани қазынасын байытқан көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралар орын алады. Олардың қатарында – халық әншісі, композитор Жаяу Мұса, ұлы Абайдың жары Ділда Алшынбайқызы, ән өнерінің шебері Әміре Қашаубаев, музыка зерттеушісі, композитор және дирижер Ахмет Жұбанов, қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі Күләш Байсейітова, академик Қаныш Сәтбаев, театр өнерінің тарланы Елубай Өмірзақов, сондай-ақ Жұбан Молдағалиев, Кәукен Кенжетаев, Әбділда Жангелдин, Қапан Қасымов және басқа да біртуар өнер қайраткерлерінің қолының табы қалып, жүрегінің нұры сіңген жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады.

Мерекелік шара барысында белгілі күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбек өзінің 30 жыл бойы шығармашылық серігіне айналған домбырасын музейге табыстайды. Сонымен қатар, шарада «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрі, Іле аудандық №1 балалар музыка мектебінің «Серпер» және «Жігер» домбырашылар ансамбльдері өнер көрсетіп, күй өнерінің құдіретін паш етеді.

Бұл мәдени шара көрерменге қазақтың рухани мұрасына, ұлттық аспаптардың тарихына және олардың поэтикалық болмысына терең үңілуге мүмкіндік береді.