Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

03.09.2025 ж. Алекс Сорбонның  «МӘҢГІЛІК ҒАЛАМНЫҢ БІР СӘТІ» жеке көрмесі

2025 жылғы 3 қыркүйек сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Жапонның АРАРЭ и МАКИ-Э зергерлік тамшы әдісімен сурет салу шебері Алекс Сорбонның  «МӘҢГІЛІК ҒАЛАМНЫҢ БІР СӘТІ» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Алекс Сорбонн — суретші, дизайнер және мүсінші. Ол Третьяков галереясын қоса алғанда, жетекші халықаралық көрме алаңдарында өз еңбектерін ұсынып, бірқатар беделді жобаларға қатысқан. 2017 жылы өткен Мәскеу халықаралық өнер көрмесінің жеңімпазы ретінде ол дәстүр мен жаңашылдықты шығармашылығында шебер үйлестіре білетін суретші ретінде кеңінен танылды. Алекс Сорбонн The Prodigy, RAMMSTEIN топтарына, Голливуд актері Марк Дакаскосқа және шоу-бизнес, кино мен спорт әлемінің көптеген жұлдыздарына арнап бірегей картиналар жасаған.

Көрмеде суретшінің жасанды интеллект саласындағы инженерлермен бірлесіп жүзеге асырған жобаларына ерекше назар аударылады. Экспозиция тұжырымдамасы — заманауи технологиялармен сұхбатқа түсе отырып, музейлік арт-нысандарға айналатын қолөнер шеберлігінің мызғымас сұлулығын көрсету идеясына негізделген. Бұл туындылар цифрлық трансформациялар қарқынды жүріп жатқан заманда Жаратушы мен Адамның рөлі туралы маңызды философиялық сұрақты алға тартады.

Экспозицияда XVII ғасырда Император Тэндзё сарайында жапон шеберлері қолданған бірегей Арарэ және Маки-Э техникаларымен орындалған шамамен 50 панно ұсынылады.

Арарэ (Arare) — жапон тілінен аударғанда «бұршақ» немесе «бұршақ жауын» деген мағынаны білдіреді. Бұл – жазық бетке микроскопиялық бояу тамшыларын жағу арқылы орындалатын күрделі техника. Визуалды тұрғыда ол шық немесе жаңбыр тамшыларының ізі қалғандай әсер береді. Арарэ жұмысты ішкі жағынан жандандырып, бейнеге тереңдік пен нәзіктік сыйлайды.

Маки-э (Maki-e) — лак пен пигменттерді пайдалану арқылы өрнек жасауға арналған көне жапон өнері. Дәстүрлі әдісте шеберлер ең жұқа алтын, күміс және түрлі-түсті ұнтақтарды қолдана отырып, көлем мен жарқырау әсеріне қол жеткізеді. Бұл техника аса дәлдікті, жоғары шеберлікті және көп уақытты қажет етеді.

Арарэ мен Маки-э техникаларын үйлестіріп, авторлық элементтер мен заманауи технологияларды қосу арқылы Алекс Сорбонн жапон классикасы мен қазіргі заманғы өнер арасындағы шекарада тепе-теңдік сақтаған бірегей туындылар жасайды. Оның картиналары – микротамшыларды бірнеше қабаттап жағу арқылы туындайтын көркем туындылар. Бұл әдіс әрбір жұмысты қайталанбас әрі дара етіп қана қоймай, көрерменге статикалық бейненің өзінен «қозғалысты» сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл туындыны жанды етіп, көрерменнің ішкі жан дүниесінде сан алуан эмоциялар мен терең сезімдер толқынын оятады.

Алекс Сорбонның туындылары — шынайы сұлулықты бағалайтын әрі өзін бірегей өнер әлемімен қоршауға ұмтылатын жандарға арналған. Оның әрбір штрихі — шеберлікке деген сүйіспеншіліктің, терең ішкі толғаныстың және әлемді жарқынырақ, үйлесімді етуге бағытталған шынайы талпыныстың көрінісі.

Көрмеде көпшілікке бұрыннан таныс автордың әйгілі туындылары қатарынан осы жобаға арнайы жасалған жаңа жұмыстар ұсынылады. Бұл шығармалар авторлық стильдің даму жолын айқын көрсетіп, мәңгілік көркемдік қағидалардың қазіргі заманға сай жаңа тыныс табуын паш етеді.

«Мәңгілік ғаламның бір сәті» — бұл жай ғана визуалды саяхат емес. Ол — уақыт табиғаты туралы философиялық ой толғаныс, өнердің әрбір бояу тамшысы арқылы өткен мен болашақты байланыстырып, бір сәтті мәңгілікке айналдыра алатын ерекше құдіреті туралы.

Көрме 2025 ж. 24 қыркүйегіне дейін жалғасады.