Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

17.09.2025 ж. «Археологиядағы пәнаралық интеграция» көрмесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде Біріккен ядролық зерттеулер институтының 70 жылдығына арналған «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция аясында «Археологиядағы пәнаралық интеграция» көрмесі ашылды.

Көрме алғаш рет археологиялық зерттеулерге жаратылыстану ғылымдарының түрлі әдістерін интеграциялау нәтижелерін кең көлемде ұсынып отыр. Онда бұл үдерістің ғылыми тәжірибенің дамуына қосқан үлесі және адамзат тарихын жан-жақты түсінуге бағытталған заманауи ғылыми талаптар көрініс тапқан.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Орталық музейі директорының міндетін атқарушы Саров Сержан Бараханұлы сөз сөйлеп, бұл көрменің археология саласындағы пәнаралық зерттеулерге деген қызығушылықтың арта түскенін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, пәнаралық интеграция артефактілерді ғылыми негізде құжаттауға, музейлік экспозицияларды әзірлеуге және археологиялық әрі музейлік материалдармен заманауи технологиялар арқылы жұмыс жүргізуге жол ашады.

Салтанатты шараға бірқатар ғалымдар мен мамандар қатысты. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы Ядролық физика институтының ВВРК бас инженерінің орынбасары Бекбаев Асхат Каусоұлы, Ресейдің Дубна қаласындағы Франк атындағы нейтрондық физика зертханасының конденсирленген орта зерттеулер бөлімінің жетекшісі Александр Белушкин, суретші-реставратор Қырым Алтынбеков, сондай-ақ Археология институты бас директорының орынбасары Қасенова Әсемгүл Дәуренқызы және басқа да мамандар көрменің ғылыми, мәдени және тарихи маңыздылығына тоқталды.

Көрме сегіз ақпараттық кешен түрінде ұйымдастырылып, ғылыми-көмекші экспозициялық материалдармен толықтырылған. Олардың қатарында археологиялық ескерткіштердің карталары, орналасу схемалары, фотосуреттер, реконструкциялар және басқа да визуалды деректер бар.

Көрме 30-қыркүйекке дейін жалғасады.