Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

20.10.2025 «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты мәдени-танымдық іс-шара

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Республика күні мерекесіне орай және қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аясында «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық орталық музейі директорының міндетін атқарушы Саров Сержан Бараханұлы ашып, еліміздің егемендікке қол жеткізген тарихи кезеңдерін еске алудың, мемлекетіміздің жетістіктерін кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік пен ұлттық рухты қалыптастыру — музей мамандарының басты жауапкершіліктерінің бірі екенін атап өтті.

Шараның құрметті қонақтары — тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов және тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Құдайбергенұлы Симтиков өз сөздерінде Республика күнінің тарихи және рухани маңызына кеңінен тоқталды.

Іс-шара аясында қазақтың біртуар композиторы, дирижері, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде композитордың мемориалдық музей қорынан алынған құнды жәдігерлер — өмір жолына қатысты фотосуреттер, қолжазбалар, ноталар, жеке қолданған заттары, дирижерлік таяқшасы, марапаттары және басқа да мұралар жұртшылық назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, шара барысында «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетіп, ұлттық күй өнерінің тереңдігін, саз өнерінің қуатын паш етті.