Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

23.10.2025 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Хакім Абай мұрасы» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Хакім Абай мұрасы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ашылды. Айтулы көрме қазақ халқының біртуар ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының (1845–1904) туғанына 180 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.

Көрмені ҚР Ұлттық орталық музейі директорының міндетін атқарушы С.С. Бараханұлы ашып, ұлтымыздың рухани дүниесіндегі шоқтығы биік, қайталанбас туындылар қалдырған көрнекті ақынның мұрасы халқымыздың тағылымы мол, бай қазынасы екенін атап өтті.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Жанғара Дәдебайұлы; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Руда Зайкенқызы; ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Меңлібекұлы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләйлә Мұсалы; Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени атташесі Хоссейн Ағазаде мырза және басқа да қонақтар сөз сөйлеп, Абай шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту мен насихаттау тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі дүниесінің тарихи борышы екенін атап өтті.

Көрмеде Абай Құнанбайұлына қатысты қолжазбалар, кітап басылымдары және ол туралы жазылған шығармалар ұсынылды. Экспозицияда бүгінгі күні ғалымдар тарапынан Абайдың өз еңбегі деп танылған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» атты бірегей туындысы, ақын шығармалары жинақталған Мүрсейіт Бікеұлының (1860–1917) қолжазбасы, Тұрағұл Абайұлының (1875–1934) «Қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбайұлы» атты қолжазбасы, сондай-ақ Кәкітай мен Тұрағұл 1909 жылы Санкт-Петербургте бастырып шығарған «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай оғлының өлеңі» атты ерекше басылым көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар көрмеден ақынның бейбішесі Ділдәнің домбырасын, бүркітінің балдағы мен тоғызқұмалағын, інісі Ысқақтың бөрігін, кіші інісі Оспанның асырап алған қызы Мансураның камзолын, сондай-ақ ұрпағы Азат Әрхамұлы Ысқақов, Семейдегі Абайдың мемлекеттік қорық-музейі мен Ә.М. Жиреншин тараптарынан құрастырылған Абай әулеті мен туыстары жөніндегі шежірелерді және бірнеше тың тарихи фотосуреттерді көруге болады.

Көрмеде хакімнің әулеті, балалық шағы, қоршаған ортасы мен өмірбаянын таныстыратын арнайы стендтер, фотоматериалдар мен мұрағат құжаттары қойылған. Атап айтқанда, Абайдың ұлы Мағауияға 1896 жылы жазған хаты, ақынның өз қолы қойылған құжаттар, 1903 жылы берілген мінездеме, өмір деректеріне қатысты көшірмелер, кітаптар және ақын дәуірінің келбетін бейнелейтін жәдігерлер ерекше орын алды.

Абайдың өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпақ үшін әділеттілік пен адамгершіліктің, асқақ рух пен кемел парасаттылықтың жарқын үлгісі болып қала бермек.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған аталмыш көрме музейдің 3-залындағы орталық алаңда орналасқан және 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.