Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

31.10.2025 KazakhYuvelir 2025 зергерлік дизайн саласындағы Премиясына арналған көрме

2025 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде жас зергерлер мен дизайнерлерге арналған KazakhYuvelir 2025 Премиясы байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті. Бұл байқау ұлттық мұрадан, дәстүрлерден және заманауи өнерден шабыт алған зергерлік әшекейлерді жасаушыларға арналған.

Қазылар алқасының құрамында ҚР қолөнершілер одағының төрайымы А. Бекқұлова, суретші-график, этнограф және өнертанушы Е. Оспанұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Е. Даубаев, заманауи мәдениет орталығы «Целинный» директоры Д. Нұрқалиева және басқа да мамандар болды. Олар қатысушылардың ең үздік жұмыстарын таңдап, жеңімпаздарды марапаттады.
Жеңімпаздар келесідей:
1-орын – Жансая Тілебердіқызы
2-орын – Әсем Зейноллаева
3-орын – Александр Цехмайструк.

Іс-шараны «Қазақювелир» АҚ креативтік директоры, CEO Аида Инкербаева ашты. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінің сыртқы байланыстар бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко құттықтау сөз сөйлеп, зергерлік өнер саласындағы ұрпақтар сабақтастығының ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау жолындағы маңыздылығын атап өтті.

Байқау нәтижелері бойынша Ұлттық Орталық музейде KazakhYuvelir 2025 байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарының фотокөрмесі ашылды. Көрме қазіргі заманғы қазақстандық зергерлік өнерге арналған. Көрермендер көне рәміздер мен ұлттық өрнектер қазіргі заманғы пішіндер мен идеялармен үйлескен бірегей авторлық бұйымдарды тамашалай алады.

Фотокөрме 2025 жылғы 14 қарашаға дейін жалғасады.