Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

20.11.2025 «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Ұлттық орталық музейінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына, Мұхамеджан Қаратаевтың 115 жылдығына, Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына, Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына, Адам Мекебаев пен Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойларына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі өтті.

Шара ҚР Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары Арайлы Бақытқызының сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде: «Ұлттық орталық музейінің бай қорында ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетін қалыптастыруда өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалар мен қаламгерлердің жәдігерлері ерекше орын алады. Сондықтан бүгінгі көрмені біздің бай мұрамыздың көрінісі ретінде және әдебиетімізге зор із қалдырған қаламгерлерге тағзымымыз деп қабылдауға болады», – деді.

Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, жазушы Бейбіт Сарыбай және жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев та көрменің құндылығын атап өтті.

Көрмеге арнайы шақырылған М.Қаратаевтың туысы Шоқан Оразаев пен келіні Құланбайқызы Жәмилә  өз естеліктерімен бөліссе, Адам Мекебаевтың туыстары да музей ұйымдастырушыларына алғыс сезімін білдірді.

Көрменің тағы бір маңызды тұсына тоқталсақ, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені ҚР Ұлттық орталық музейінде өткен «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесіне жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойы аясында қатысты. Сәбит Мұқановтың музей-үйінен көрмеге жазушының жеке және тұтынған заттары: «Адмираль» кинокамерасы, күмістен жасалған жазу құралы жиынтығы, алтын қолсағаты, магнитофон-диктофоны, костюм-шалбары, Жазушылар одағына мүшелік билеті, әскери билеті және депутаттық билеттері, сондай-ақ жазушының фотосуреттері қойылды.

«Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесіне әдебиеттің түрлі жанрына қалам тартқан аталмыш қаламгерлердің жеке заттары, өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей жеке мұрағат материалдары, фото-құжаттары, хаттары, еңбектері қойылды. Солардың маңыздысына тоқталар болсақ, 1975 жылы Ж.Молдағалиев музей қорына өзі табыстаған домбырасы, 1972 жылы С.Мұқановтың жары Мәриям Мұқанова музейге сыйға тартқан «С.Сейфуллин» туралы қолжазбаларының алғашқы нұсқасы және М.Қаратаевтың ең құнды құжаттары мен марапаттары (басқа жерде жарық көрмеген) ұсынылды.

Қамшы – қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысында маңызды орын алған құрал. Осы дәстүрді берік ұстанған М.Мағауин қамшы жинауды әдетке айналдырған. 2014 жылы музейге өз қолымен табыстаған жазушының 13 қамшысы көрмеден орын алды.

Іс-шара әнмен әрлене түсті. Атап айтсақ, Сыдық Мұхамеджановтың сөзіне жазылған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» әнін Тұрсын Мақсат, ал «Құшақ жайған қандай адам» әнін Алихан Асланбек орындады.

Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Әдебиет майталмандары – елдің ең асыл қазынасы. Олар қалдырған мол мұра, ой тереңдігі, ұлт тағдырын жүрегімен сезінген шығармалары әр буынға шамшырақ болып қала береді.

Бүгінгі мерейтойлық көрме – сол асыл есімдерді ұлықтау, әдеби мұраны дәріптеу, ұрпақ санасына аманат ету жолындағы маңызды қадам.

Көрме 2025 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.