Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 4 ақпаны,  сағат 11:00-де ақиық ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек»

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

19.11.2025 ж. «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі Алматыда тоқыма өнерін сүйетіндер үшін есігін айқара ашады.

Алматы, Қазақстан, 2025 жыл, 19-26 қараша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Шығыс базары» тоғызыншы көрме пэчворк-фестивалі өтеді. Бұл маңызды оқиға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қолөнершілерді, суретшілерді және көрпе тігуді сүйетіндерді біріктіріп, мәдениеттер диалогы мен тоқыма өнері дәстүрін сақтауға арналған алаң құрады.

Іс-шара құрақ құру атты көне өнермен сабақтастықты сақтап, қазақтың тігіншілік мұрасына ерекше назар аудартады және ол суретшілердің шығармашылығынан көрініс табады. Заманауи шеберлер дәстүрлі әдістер мен өрнектердің символизміне сүйене отырып, ұлттық нақышта заманауи идеялар және формалармен тоғысатын ерекше туындылар жасайды.

Іс-шара қонақтарына ұсынылады:

  1. Түскиіз, құрақ, пэчворк және арт-көрпелерге арналған көркем туындылар көрмесі. Бұл экспозиция 2025 жылдың қыркүйегінде, әлемдегі тоқыма өнерінің Токио (Жапония) мен Хьюстоннан (Техас штаты) кейінгі ең ірі Сент-Мари-о-Миндегі (Франция) отызыншы мерейтойлық фестивалінде мыңдаған аудитория алдында керемет жетістікті көрсетті.
  2. Қазақстандағы жетекші квилтинг және пэчворк шеберлері Наталья Дьяченко (Қарағанды), Наталья Мәметниязова (Алматы), Зәмзагүл Белгібаева (Алматы), Мадина Тұрлыбекова (Семей), Галина Сурнина (Алматы), сондай-ақ Magic Quilt (Астана) клубы мүшелерінің жеке көрмелері. Авторлық жұмыс – бұл тек тоқыма емес, сонымен қатар матамен жұмыс жасау кезінде жеке стильдің, нәзік түс сезімінің және жоғары шеберліктің көрінісі. Фестиваль қонақтарын құрақ, арт-көрпе және заманауи шапан стиліндегі туындылар күтеді.
  3. Ұлттық нақыштардың байлығын және қазақ ою-өрнегінің терең нышанын бейнелейтін көне қазақ түскиіздерінің бірегей жинағы. Коллекцияны Наталья Кривец (Франция) жинаған және мархабатпен ұсынып отыр.
  4. «Әлемдерді тігу: пэчворк, мәдениеттер диалогы ретінде» конкурстық көрмесі матаның жүздеген қиындыларын біртұтас кенептерге біріктіріп халықтар достығының символын бейнелейді. Бұл байқау шеберлерді, суретшілерді және шығармашылықтың күші мен рухына сенетін жандарды шабыттандыруды мақсат етеді. Әрбір тігіс – өзара түсіністікке бастайтын қадам, әрбір қиық – дара мәдениеттің бір бөлшегі, ал әрбір композиция – әлемге бейбітшілік туралы жолданған үндеу.
  5. Іс-шараның салтанатты бөлігі аясында халықаралық қазылар алқасы – Марсель Рамсейер (Швейцария), Наталья Кривец (Франция), Дмитрий Дзибалов (Қазақстан), Наталья Маметниязова (Қазақстан) және Тамара Штрошерер (Германия) – өз шешімін жариялап, «Әлемдерді тігу: пэчворк – мәдениеттер диалогы» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды. Жеңімпаздарға демеушілер – BERNINA (Швейцария), CROWN (Германия) және «Тігін машиналары үйі» (Қазақстан) компанияларының бағалы сыйлықтары табысталады. Сонымен қатар, бағалы сыйлық – тігін машинасы – көрермендер арасындағы ұтыс ойынының бір қатысушысына бұйырады.
  6. Іс-шара барысында, 2025 жылғы 19-26 қараша аралығында, барлық ниет білдірушілер «Тігіншілік әлемі» (Назарбаев көшесі, 229) шығармашылық орталығындағы шеберлік сабақтарына қатыса алады, онда пэчворк және арт-көрпе шеберлері өз туындыларын жасаудың құпиялары мен әдістерімен бөліседі
  • «Көрпе гүлі» тоқыма ашықхаты шеберлік сабағы  (Наталья Мәметниязова)
  • «Қызғалдақтар» сәндік сүлгі шеберлік сабағы  (Наталья Мәметниязова)
  • «Барджело» жаңа жылдық сүлгі шеберлік сабағы  (Ирина Субботина)
  • «Спираль жұлдызы» шеберлік сабағы  (Ирина Субботина)
  • Бернина Q сериясындағы жұмыс бойынша  шеберлік сабағы  (Лайлим Қуатова)

«Тігін машиналары үйі» тәжірибелі кеңесшілерінің жетекшілігімен ең жаңа швейцариялық BERNINA жабдығын сынап көру (тест-драйв) ұйымдастырылады. Қатысушылар премиум санаттағы тігін және көрпе тігетін машиналардың артықшылықтарын өз көздерімен көріп, бағалай алады.

Журналистерге арналған баспасөз конференциясы 2025 жылы 21 қарашада сағат 15:00-де ҚР Ұлттық Орталық музейінің ғимаратында (жертөле  қабатының конференц-залында)  өтетінін хабарлаймыз.  

Ұйымдастырушылар:

  • ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРАҚ ҚҰРАСТЫРУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ АССОЦИАЦИЯСЫ — www.kurak.kz
  • ҚР Ұлттық орталық музейі

Серіктестер:

  • Бас демеуші: Bernina International, тігін жабдықтарын өндіруші (Швейцария)
  • Демеуші: CROWN-тігін жабдықтарын өндіруші (Германия)
  • Демеуші: Тігін машиналары үйі, Bernina, Bernette және Veritas Қазақстан мен Орта Азиядағы ресми эксклюзивті дистрибьюторы– www.rivia.asia

Көрменің ресми ашылуы: 2025 жылы 21 қараша, сағат 16.00.

Көрме 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (25 қараша демалыс).

Көрме өтетін орын: ҚР Ұлттық Орталық музейі,  Алматы қ., Самал-1, 44 үй