2025 жылдың 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: түркі халықтарының дәстүрлі қару-жарақтары мен батырлық институтының сабақтастығын, даму тарихын, этномәдени орнын зерделеу болды. Дөңгелек үстелде қару-жарақ саласында көптеген жылдар бойы ізденіп, іргелі еңбектер жазып жүрген қазақстандық қарутанушы Қалиолла Ахметжан, Өзбекстан тарихы мемлекеттік музейінің Ташкент музейі филиалының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Джамшид Перемкулов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кадиркулова Гүлім Қағазбековна және басқа да бірқатар зерттеушілер баяндамаларын жасап, тақырып аясындағы өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғады.
17.04.2026 ж. «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Britrise Ltd (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының ұйымдастыруымен 2026 жылы 17 сәуір күні сағат 16:00-де «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер