Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

29.11.2025 ж. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасын өткізді.   Шара барысында ерекше жандардың құрметіне «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан сый-сияпат табысталды. Іс-шараны ҚР Ұлттық орталық  музейі директорының орынбасары Арайлы Бақытқызы салтанатты түрде ашып, музей ұжымы осындай игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастырып, қоғамның әрбір мүшесіне тең мүмкіндік беруге бағытталған жобаларды қолдайтынын, демеушілерге деген зор ризашылығын жеткізді. Ұлттық орталық музей ұжымының атынан демеушілерге алғыс хаттар табысталды. Сөз алған «Аламәт» продюсерлік орталығының директоры,  «ШАБНАМ» Ұйғыр креативті әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы,  тележүргізуші, әнші, өнер қайраткері, продюсер Кальбинур Аруп Розиева, Алматы қаласы Жигит беши одағының Алатау ауданы бойынша Бас жігіт басы Абдурашит Маметов игі шараға келушілер мен игілікті іске атсалысқан барша көпшілікті құттықтап, жүректен шыққан әрбір жылы сөз, әрбір игі іс міндетті түрде басқа жүрекке жететіндігін айтты.

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық және мәдени іс-шарасы – мейірім мен қамқорлықтың, адами құндылықтардың, тең мүмкіндіктер идеясының көрінісі болды.

Бізге демеушілік көрсеткендер: «Das sauda» ЖШС, «CEZARO» ЖШС, «Бостан» ЖШС, «Фирдаус» ЖК, «JLC Cүт» ЖШС, «Dolce» фармацевтикалық компаниясы, «Алатау-Құс» АҚ, «Жан әжем» компаниясы, «SULTAN» маркетинг компаниясы, «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Shabnam» ұйғырдың креатив әйелдер республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Жигит Беши одағы.