Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 4 ақпаны,  сағат 11:00-де ақиық ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек»

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

05.12.2025 ж. KAU School «Көк аспан астында» оқушылары мен мұғалімдерінің көрмесі

2025 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «KAU School» мектебі оқушыларының «Көк аспан астында» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозиция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Тәуелсіздік – елдің бүгіні мен болашағын айқындайтын берік негіз; ол – еркін ойлау, іздену, білім алу және шығармашылықпен айналысу мүмкіндігі. Дәл осы идеяны КАУ мектебінің оқушылары мен ұстаздарының еңбектері бейнелейді. Олар өз жұмыстарын шабытпен, тарихқа құрметпен және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікпен орындаған.

Салтанатты ашылу барысында Ұлттық орталық музейдің сыртқы байланыстарды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко құттықтау сөз сөйлеп, музейдің балалар шығармашылығын насихаттаудағы маңызды рөлін атап өткен ол:
«KAU мектебі оқушыларының шығармашылық жұмыстары олардың қабілетін ғана емес, Тәуелсіздік құндылықтарын терең түсінгенін де көрсетеді. Мектеп пен музей арасындағы мұндай серіктестік жас ұрпақтың мәдени және рухани құндылықтарын дамытуға тамаша үлгі болады», – деді.  Сондай-ақ, Анна Викторқызы музей атынан КАУ директоры Сабирдинова Сабина Әділханқызына және көрме ұйымдастырушысы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әсия Нұрмолдақызы Мамбетбаеваға алғыс хат табыстады.

Сонымен қатар, КАУ директоры Сабина Әділханқызы оқушыларды алғашқы көрмелерімен құттықтап, былай деді:
«Бұл көрме – біздің оқушыларымыздың таланты мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Әрбір жұмыс – олардың терең ойының және шығармашылық көзқарасының жарқын көрінісі. Балаларымыздың өнерін осындай маңызды алаңда көрсетуге мүмкіндік берген музей ұжымына алғысымыз шексіз».

Салтанатты рәсім мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Оқушылардың музыкалық және вокалдық нөмірлері мерекелік атмосфераны ерекше мәнді етіп, шараға жылылық сыйлады. Жас өнерпаздардың орындаулары көрермендерді тәнті етіп, КАУ оқушыларының көпқырлы талантын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Көрмеде ұсынылған жұмыстар жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін айқын көрсетеді. Балалардың өнері олардың сезімі мен ойын еркін жеткізе алатынын дәлелдейді әрі олардың еңбектері лайықты құрметке ие.

Көрме 2025 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады.