Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасын өткізеді.

Іс шараның мақсаты – Қазақстан халқына Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық бірлік, патриоттық рух пен елдік құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру.

Шара барысында Жауынгерлік даңқ музейі тарапынан «Тәуелсіздік – ел ұраны» тақырыбында бір күндік жылжымалы көрме ұйымдастырылып, мерекелік концерттік бағдарлама мен ел сенімін арқалаған сарбаздар тарапынан саптық дефиле көрсетіледі.

1991 жылдың 16 желтоқсанынрда Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында егемен мемлекет ретінде танылды. Бұл күн – ғасырлар бойғы армандар орындалған азаттық жолындағы тарихи белес. Тәуелсіздік – халқымыздың саяси, экономикалық және мәдени дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болды.

Іс-шара тәуелсіздік туы желбіреген бейбіт заманды бағалау, халық арасында татулық пен бірлікті нығайтуға, өскелең ұрпаққа отан сүйгіштік, батырлық, бірлік рухында тәрбие беруге бағытталған.

Байланыс телефондары:
264-55-66,  8 707 598 57 53