Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

15.12.2025 ж. «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрмесі

2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары — Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығына, Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына, Николай Хлудовтың 175 жылдығына, Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына, Еркін Мергенов пен Төлеген Досмағамбетовтың 85 жылдық мерейтойларына арналады.

2025 жыл Қазақстан тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мерейтойлық оқиғаларға толы уақыт. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Абайдың 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы мен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығы аталып өтуде. Осы маңызды тарихи даталармен қатар, бейнелеу өнері шеберлерінің мерейтойлары да ел мәдениеті үшін ерекше мәнге ие.

Ұлттық көркемөнер мектебінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан Хакімжан Наурызбаев, Молдахмет Кенбаев, Николай Хлудов, Евгений Сидоркин, Еркін Мергенов және Төлеген Досмағамбетов творчестволары қазақ бейнелеу өнерінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың «Ұрпақтар алдынан асқан жол, артынан із қалдырады» деген даналығы олардың шығармашылық мұрасының бүгінгі күнге дейін өзектілігін айқындайды. Қазақстан суретшілерінің туындылары  кәсіби  қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы буыны қалыптастырған мүсін және графика дәстүрлерін жалғастыра отырып, оларды заманауи көркемдік-эстетикалық көзқараспен және жаңа тақырыптық мазмұнмен байыта түседі.

Экспозицияда 140-тан астам кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары ұсынылады және 40-тан астам жұмыс онлайн көрсетіледі. Республикалық көрмеге Алматы, Алматы облысы, Астана, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Қызылорда, Шымкент және Түркістан өңірлерінен 135-ке жуық суретшілер қатысып отыр.

Ұсынылған туындылар суретшілердің пластикалық-бейнелік мәнеріндегі тың жаңашыл әдістерді, таңдалған тақырыптардың мағыналық мазмұнын, ұлттық рухтың лебін қазіргі заманғы көркем бейнелер арқылы аша түседі. Көрермен түрлі жанрда әр қырынан көрініс тапқан, композициялық және коллориттік шешімде орын алған, терең оймен айқындалған динамикалық үндестік пен өзара тұтастықты біріктіретін үйлесімді туындылардың куәсі бола алады.

«Уақыт жаңғырығы» атты көрме ұлттық бейнелеу өнерінің сабақтастығын, шығармашылық дәстүрдің дамуын және қазіргі заманғы көркемдік үрдістің жаңа қырларын танытатын маңызды мәдени оқиға болмақ.