Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғасырлар бойы Эстонияның солтүстік өңірлерінің қатал климат жағдайында қолғаптар күнделікті тұрмыстық қажеттілік қана емес, сонымен қатар сұлулық пен шеберліктің, халық жадында сақталған рухани дәстүрлерге деген құрметтің символы болып келеді. Әрбір өрнек пен таңдалған түс белгілі бір дәуір мен аймақтың болмысын бейнелеп, оны жасаған шебердің қайталанбас қолтаңбасын айғақтайды. Көрменің тұжырымдамасы «Тілек ағашы» идеясына негізделген. Мұнда қолғаптар сол ағаштың жемістері іспетті – иесінің жан жылуы мен рухани әлемін бойына сіңіріп, көрерменге үнсіз сыр шертеді. Көрме кураторы – Эстонияның Ұлттық музейінің өкілі Реэт Пиири. Көрмені Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының міндетін атқарушы Сержан Бараханұлы ашты. Ол Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Герри Леск мырзаны эстон халқының жадында сақталған рухани дәстүрлерді насихаттауға бағытталған көрменің сәтті ашылуымен құттықтап, екі ел арасындағы мәдени өзара ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына мүдделі екенін білдірді. Сонымен қатар, көрменің ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Герри Леск мырза Сержан Бараханұлына көрмені ұйымдастыруға атсалысқаны үшін алғыс білдіріп, жылжымалы көрме эстон халқының мәдениеті мен дәстүрін, өнерін бейнелейтін эстон қолғаптары келушілердің қызығушылығын тудыратынына сенім білдірді.