Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

23.01.2026 ж. «ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР» атты көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап, зерттеп, оны халықаралық деңгейде насихаттап келе жатқан жетекші музейлердің бірі. Музейдің Антропология және этнология бөлімі қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен дүниетанымын бейнелейтін «Өрнекпен өрілген өнер» көрмесін ұсынады.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорындағы этнографиялық коллекция негізінде дәстүрлі қазақ мәдениетін кеңінен насихаттау.

Көрме экспозициясы музейдің этнографиялық заттары қорына негізделіп, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрін айқындайтын кілемдер мен шағын тоқыма бұйымдарды, сондай-ақ тұрмыстық және шаруашылық мақсаттағы заттарды қамтиды.

Көрменің ерекшелігі – музей қорында сақталған ұлттық тоқыма бұйымдарының бірқатары алғаш рет көпшілік назарына ұсынылуында.

Экспозицияда «алаша», «текемет», «сырмақ», «тұскиіз», «тұс кілем», «басқұр», «кесеқап», «қалта», «боғжама» сынды тоқыма бұйымдары, сондай-ақ «қошқар мүйіз» оюын негіз еткен зооморфтық, геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектер кеңінен қамтылған.

Қара және қызыл барқыттан алтын жіппен тоқылған тұскиіздер мен контраст түстерге негізделген сырмақтар көрменің көркемдік мазмұнын толықтыра түседі. Сонымен қатар, көрмеде қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылығына қатысты кесеқаптар, өрнектелген сандықтар, торсықтар, сықырлауық (ағаш есік) пен «қарақас» секілді заттар да қойылған.