Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​ Кітаптың негізгі өзегі – әке тұлғасы, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ұлттық рух. Мерекелік шара барысында келушілер автордың шығармашылық жолымен танысып, кітапқа енген балалар өлеңдерінен үзінділер оқыды, автордың әндері орындалды. Шараны салтанатты түрде ашқан ҚР Ұлттық орталық музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Арайлы Бақытқызы авторға шығармашылық табыс тіледі. Техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақстанның құрметті жолшысы» Құлманов Қалижан Серікұлы, ақын, сазгер, журналист, Қазақ радиосының ардагері, Қызылжар қаласының құрметті азаматы, Президенттің мәдениет жөніндегі және татарлар мен башқұрттар конгрессінің орынбасары, ҚР мен Татар Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері, Алтын және күміс медаль иегері, «Сарман — Бұл-бұл» татар халық ансамбльінің жетекшісі Ғалымжан Гиряйұлы Тамендаров жылы лебіздерін білдірді. ​«Әкеге сағыныш» – жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын, үлкендерге ой салатын, қоғам үшін маңызы зор рухани еңбек. Кітап тұсаукесері – әдебиет пен өнерсүйер қауым үшін тағылымды мәдени шара болды.