Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Иран ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» атты тақырыптық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрме Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған болатын.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Иран нысандары туралы көрме адамзаттың ортақ мұрасы ретінде танылған 29 тарихи-мәдени ескерткішті қамтиды. Фотоколлекцияда археологиялық кешендер мен көне сарай ансамблі Персепольдан бастап, тарихи Йезд қаласы және мыңжылдықтар қойнауынан бүгінге жеткен Гиркан ормандары бейнеленген. Сонымен қатар керуен-сарайлар, мешіттер, алаңдар мен сәулет өнерінің бірегей үлгілері ұсынылған.
Көрменің ресми ашылуында музей директорының міндетін атқарушы Сержан Саров Иран өркениетінің тарихи тұрғыдан Орталық Азияны қамтыған кең мәдени кеңістікте дамығанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар халықтар арасындағы ғасырлар бойғы мәдени диалогты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Салтанатты жиында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмади ханым да сөз алып, көрме екі ел арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, зерттеушілер арасындағы байланысты кеңейтуге ықпал ететінін айтты.
Құрметті қонақтар қатарында ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич және ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО-ның «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Абусеитова болды.
Іс-шара барысында ирандық «Дарвак» музыкалық тобы дәстүрлі ішекті аспаптарда орындауымен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Вернисажға дипломатиялық корпус өкілдері, тарихшы-ғалымдар мен шығыстанушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
20.03.2026 ж. «Анам менің бояуларымда» көрмесі
2026 жылғы 20 наурыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Genius» даму орталығының ұйымдастыруымен «Анам менің бояуларымда» атты балалар көркемөнер көрмесінің ашылу салтанаты