Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

28.02.2026 ж. Archive Exhibition 2023–2026 көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жас дизайнерлерге арналған ең беделді байқаулардың бірі – «Next Designer Award empowered by Visa» финалистерінің жұмыстарын ұсынатын ауқымды жоба.

Бұл – жай ғана экспозиция емес. Бұл –дизайнерлердің жаңа буынының қалыптасу сатылары туралы баяндайтын  көркем шежіре. Көрмеде алғашқы батыл тәжірибелер мен өзіндік қолтаңбаны іздеуден бастап, айқын авторлық мәнері қалыптасқан, тұжырымдамалық тұрғыда жүйеленген әрі аса талғампаз аудиторияның ықыласына ие болған табысты топтамаларға дейінгі шығармашылық эволюция  көрініс табады.

Көрме киім дизайнын өнердің бір түрі, мәдени ой-толғамның көрінісі ретінде танытады. Сән, заманауи өнер және өңірлік болмыс тоғысқан кеңістікте Орталық Азия сәні дербес, кемелденген әрі мәні зор мәдени-арт құбылыс ретінде ашылады.

Пішін мен силуэт, текстура мен түс, матаның иірімі мен ұсақ бөлшектер – барлығы мағынаға ие болып, уақыттың, қоғамның және автордың ішкі еркіндігінің көркем жиынтығына айналады.

Жоба «Next Designer Award empowered by Visa» аясында жүзеге асырылуда. Бастамашысы – Visa Fashion Week және «Next Designer Award empowered by Visa»-ның бас директоры Бауыржан Шадибеков.

Көрме 2026 жылғы 18 наурызға дейін жалғасады.

Сіздерді музей кеңістігінде сән, өнер және мәдени болмыс туралы шабытты сұхбаттың бір бөлігі болуға шақырамыз.