Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

02.03.2026 ж. «ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды ұлттық жобалардың авторы Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды.

Экспозиция суретшінің сан қырлы шығармашылық жолын айшықтайды. Автор үшін өнер –  үнемі алға ұмтылу, форманың кемелдігі мен мазмұн тереңдігін үйлестіру жолындағы үздіксіз ізденіс. Болат Мұхамедиев шығармашылық ғұмырында батыл эксперимент жасап, жанрлық және стильдік шекараларды кеңейтіп келеді.

Көрмеде мүсіндік және сәулеттік жобалар, кескіндеме мен графика туындылары, дизайн, цифрлық өнер және көркем фотосурет саласындағы еңбектері ұсынылған. Әрбір жұмыс автордың материалды сезіну ерекшелігін, пластикалық ойлау жүйесін және кәсіби шеберлігін танытады. Суретші үшін «қолөнер» ұғымы тек техникалық машық емес, ол – дәстүр мен жаңашылдықты, ұлттық көркемдік кодтар мен заманауи әлемдік үрдістерді тоғыстыратын шығармашылық философия.

Көрме қазақстандық суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерін дамытудағы елеулі үлесін айқындайды. Терең академиялық мектептен өткен, мол тәжірибе жинақтаған отандық шеберлер елдің мәдени кеңістігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Бұл көрме жас ұрпақ үшін де тағылымды. Музейдің басты міндеті –  көркем мұраны сақтау және көрсету ғана емес, мәдени сабақтастықты нығайту, Қазақстанның көрнекті суретшілерінің есімдерін кеңінен насихаттау арқылы болашақ буынға кәсіби әрі рухани үлгі көрсету.

Көрменің ашылу салтанатына суретшінің әріптестері мен замандастары Нелли Бубэ, Марат Тұрғымбай, Марлан Нысанбаев, Максат Кантарбаев, Есенғали Садырбаев, Джамиля Такен, Шоқан Төлеш, Естай Даубаев, Фатима Тарази және басқа да өнер қайраткерлері қатысты.

«Қолөнер тарихы» ретроспективасы – шығармашылықтың аралық қорытындысы ғана емес, заманауи қазақстандық өнер кеңістігінде өзіндік орны бар шебердің үздіксіз көркемдік эволюциясының айқын көрінісі.