Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейіінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы жыр – ұрпаққа аманат» атты кеш өтті.
Алатаудың ақиық қыранындай жыр нөсерін селдеткен ұлы жыраудың өмірі мен өнерін ұлықтауға арналған басқосуда ҚР Ұлттық орталық музейінің ғалым хатшысы Ерсін Жайнақов ақын жырларының өміршеңдігіне тоқталса, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Жұмашай Рақыш, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұржұма Елесбай абыз жыршы-ақынның өмірі мен өнегесінен, соңғы жылдары жарық көрген жинақ кітаптар жайлы біраз ақпарат берді.
Жыр кешінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы өнерпаздары күй шертіп, әннен шашу шашса, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы бір күндік жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Жамбыл — әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының жауһар үлгісіне айналды.
Байланыс телефондары:
264-55-66, 8 707 598 57 53
17.04.2026 ж. «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Britrise Ltd (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының ұйымдастыруымен 2026 жылы 17 сәуір күні сағат 16:00-де «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер