Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

04.03.2026 ж. «Шығыстан Батысқа дейін» атты коллекциялық қуыршақтар көрмесі

ҚР Ұлттық орталық музей төрінде «Art Dolls Collection_KZ» (Арт Долс Коллекшн КЗ) шығармашылық одағының «Шығыстан Батысқа дейін» атты  коллекциялық қуыршақтар көрмесі ашылды.

Қуыршақ өнері елімізде салыстырмалы түрде жас бағыт болғанымен, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық бірлестігі аз уақыт ішінде кәсіби шеберлерді біріктіріп, саланың дамуына серпін берді. Коллекциялық қуыршақтар көрмесінің ҚР Ұлттық орталық музейінде екінші жыл қатарынан өтуі – бұл өнердің тұрақты дамып, көрермен қызығушылығының артып келе жатқанын және оның Қазақстанның көркемдік кеңістігінде өз орнын тапқанын көрсетеді.

«Шығыстан Батысқа дейін» көрмесі әртүрлі өркениеттердің дәстүрі  мен көркем бейнелерінің тоғысуын айшықтайтын философиялық және көркемдік тұжырым ретінде ашылған. Көрме Көктем мен Жаңару мерекесі — Наурыз мейрамымен тұспа-тұс ұйымдастырылып, жаңа өмірлік циклдің басталуын, үйлесім мен жаңғыруды бейнелейді.

Көрмені Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары Арайлы Бақытқызы ашты. Ол өз сөзінде қуыршақ өнерінің шеберлері ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті сақтауға ерекше мән беретінін және авторлық бейнелер арқылы тарихи жадымыздың тереңдігін жеткізетінін атап өтті.

Аталмыш экспозицияда шеберлердің түрлі техникалар мен бай материалдарды қолдана отырып жасаған 130-дан астам авторлық жұмыстары ұсынылған.

Көрме 2026 ж.18 наурызға дейін жалғасады.