Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде көктемнің шуақты шағында, жаңару мен жаңғыру мерекесіне орай ұйымдастырылған, «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты көрмесінің ашылуы өтті.
2024 жылы «Қазақстанның үздік кәсіпорны» мәртебесіне ие болған «АртУм» студиясы 13 жылдан астам уақыт бойы жас дарындардың шығармашылық әлеуетін шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келеді.
Көрмеде ұсынылған 40 туындыда ұлттық нақыштағы әйел бейнелері, табиғат көріністері мен балалық қиялдың мөлдір әлемі тоғысқан. Әртүрлі техникада орындалған жұмыстар жас суретшілердің ішкі дүниесін, көктемгі шабытын және өмірге деген шынайы көзқарасын айшықтайды.
Көрмені ҚР Ұлттық орталық музейінің ғалым хатшысы Ерсін Маралбекұлы мен Қоғаммен байланыс және көрмелерді ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко ашты. Олар көрме қатысушыларын көрменің ашылуымен және көктем мерекесімен құттықтап, жас суретшілердің шығармашылығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, балалардың өнер арқылы өз ойы мен сезімін жеткізе білуі — олардың рухани дамуы мен мәдени тәрбиесінің маңызды көрсеткіші екенін атап өтті.
Сондай-ақ, көрменің ұйымдастырушысы, студияның көркемдік жетекшісі — «Тұмар-Арт» педагог-суретшілер одағының мүшесі Анара Нуранова студияның 13 жылдық жетістігі туралы айтып, осы уақыт аралығында көптеген жас дарындардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар, жас суретшілердің еңбегін қолдап келген ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдіріп, балалардың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы болашақта үлкен жетістіктерге жетелейді деген сенімін жеткізді.
Көрме 2026 ж. 17 наурызға дейін жалғасады.
17.04.2026 ж. «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Britrise Ltd (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының ұйымдастыруымен 2026 жылы 17 сәуір күні сағат 16:00-де «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер