Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II ғ. – б.д. IV ғ. археологиялық деректер негізінде» және «Тарихи және этномәдени контекстегі Қаңлы мемлекеті (б.д.д. II ғ. – б.д. IV ғ.)» ғылыми монографиясының тұсаукесерін өткізді.

Бұл іргелі еңбек – ғалымның жарты ғасырға жуық зерттеу жұмысының нәтижесі. Монографияда археологиялық деректер негізінде Қаңлы мемлекетінің саяси, экономикалық және рухани өмірі жан-жақты сараланып, бұрын жүйеленбеген мәліметтер ғылыми айналымға енгізілді. Еңбекте сәулет және фортификация, керамика, өнер, діни-нанымдық жүйе, сондай-ақ протосоғды жазба ескерткіштері кеңінен қарастырылады.

Тұсаукесер рәсіміне отандық және шетелдік ғалымдар офлайн және онлайн форматта қатысты. Монографияны автордың өзі таныстырды.

Кітапта жарияланған 2000-нан астам археологиялық артефакт музей қорында сақтаулы. Іс-шара аясында «Қаңлы жаңа археологиялық деректер негізінде» атты көрме ұйымдастырылып, Арыс-Бадам, Өгем, Ақтөбе Қызылкөл және басқа да ескерткіштерден табылған бірегей қыш бұйымдар, қару-жарақ, әшекейлер, культтік заттар мен палеолингвистикалық материалдар көпшілік назарына ұсынылды.

Тұсаукесер отандық археология ғылымы үшін маңызды оқиғаға айналып, ежелгі Қаңлы тарихын зерделеудегі маңызды қадам болды.