Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара аясында «Мәдениетте мәңгілік із қалдырған тұлға» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда ҚР Ұлттық орталық музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар және Арқалық  қаласының «Дала өлкесі тарихы» музейі қорларынан алынған бірегей заттар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде қайраткердің өмір жолы, ғылыми еңбектері мен рухани мұрасын танытатын құнды материалдар қойылды.

Конференция барысында ғалымдар мен зерттеушілер Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы, қазақ этнографиясы мен музей ісін дамытудағы тарихи рөлі туралы ой бөлісіп, ғылыми пікір алмасты.