Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, Алматы қаласында алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

2024 жылдан Президент тапсырмасымен бастау алған Наурызнама онкүндігіндегі 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні халқымыздың мәдени бай мұрасы ұлықталып, оны келер ұрпаққа жеткізудің мән-маңызы айқындалады.

Фестивальды ҚР Ұлттық орталық музей директоры Сержан Бараханұлы Саров салтанатты түрде ашып, дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің ресми өкілдері SunDeep Kumar мен Нурзат Жээнбекқызы және Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары А.Н.Ещанова мерекемен құттықтап ыстық ықыластарын жеткізді.

Фестиваль аясында «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты: Музей жәдігерлері мен этнодизайнның тоғысуы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, оған музей қызметкерлерінен Асан Құрақбаев, Ольга Перова, Әйгерім Садуақасова, Нұртас Талғатұлы қатысты. Музейдің «Этнография» залында көне қолөнер түрлерін жаңғырту мақсатында: киіз басу, сүйек пен тері өңдеу, ағаш ою және қышпен жұмыс, кілем, басқұр тоқу, ат әбзелдерін жасаудан практикалық шеберлік сабақтар өтті. Ұлттық ән мен би, отандық және шетелдік дизайнерлердің этно-коллекциялар шеруі мерекенің шырайын келтірді. Көшпелілер өркениетінің мәдени кодын заманауи креативті индустрия тілінде сөйлетіп, ұлттық қолөнерді жаһандық нарыққа шығаруды көздеген жобада қолөнер шеберлерінің халықаралық көрмесі де орын алды.

Байланыс телефондары: 264-55-66,  8 707 598 57 53 

БАҚ үшін байланыс: +7 701 640 5247