Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 «Наурыз. Ұрпақтар диалогы» атты көркемөнер көрмесі

🌿2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ мәдениетіндегі ең жарқын әрі мағыналы мерекелердің бірі — көктемгі жаңару, татулық пен дәстүр сабақтастығының символы саналатын Наурыз мейрамына арналған «Наурыз. Ұрпақтар диалогы» атты көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді.

Экспозицияда ұстаздар мен олардың шәкірттерінің туындылары тоғысып, ұрпақтар арасындағы шынайы көркем диалогты қалыптастырады. Бұл диалогта тәлімгерлердің тәжірибесі мен парасаты жас авторлардың шынайы, сезімге толы әрі жарқын көзқарасымен үйлесім табады.

Балалар суреттері мен кескіндемелік композициялар арқылы Наурызды отбасы бірлігі, достық, ізгі дәстүрлер және табиғаттың жаңғыру мерекесі ретінде қалай түсінетіндерін бейнелейді. Туындыларда туған үйдің жылуы, балалық шақтың жарқын сәттері, ұлттық салт-дәстүрлер, көктемгі ойындар мен бірге тойлаудың шаттығы көрініс табады. Балалар өнері көрмеге ерекше жылылық, шынайылық және нұрлы көңіл-күй сыйлайды.

Бұл көрме көркемдік білімнің мәдени мұраны сақтаудағы, ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастырудағы және рухани дәстүрлерді үлкен буыннан жас ұрпаққа жеткізудегі маңызды рөлін айқындайды. Мұнда педагог — бағыт-бағдар беретін ұстаз әрі рухани жол көрсетуші ретінде көрінсе, ал бала — мәдени жадты жалғастырушы, болашақты қалыптастыратын жасампаз тұлға ретінде танылады.

«Наурыз. Ұрпақтар диалогы» экспозициясында 40-тан астам туынды ұсынылған. Бұл шығармалар көрерменді көктем мерекесінің шуақты атмосферасына жетелеп, әлемді балалардың көзімен көруге және өнердің өткенді, бүгінді және болашақты біріктіретінін сезінуге мүмкіндік береді. 🌿

Көрме 2026 ж. 1 сәуіріне дейін жалғасады.

Мекен-жайы: Самал-1,44. ҚР Ұлттық орталық музейі