Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

«ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сәулетшілер қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіріп, келушілерге отандық сәулет өнерінің өткен тарихын және қазіргі даму барысындағы жетістіктерін кеңінен таныстырды. Көрмеде 1936 жылдан бергі Қазақстан сәулетінің даму кезеңдерін қамтитын бірегей фотоматериалдар ұсынылды.

Экспозиция үш бөлімнен тұрды: Қазақстан сәулетінің қалыптасу кезеңі, кеңестік дәуір және Тәуелсіздік кезеңі. Бұл бөлімдерде үш дәуірдің үздік жобалары, отандық сәулет өнерінің негізін қалаушылардың еңбектері және ұлттық сәулетті дамытуға зор үлес қосқан заманауи танымал сәулетшілердің жобалары қойылды.

Келушілер кеңестік кезеңдегі және тәуелсіз Қазақстандағы маңызды қоғамдық нысандармен танысты. Олардың қатарында Алматы қаласындағы Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» кешені, «Хазірет Сұлтан» мешіті және басқа да нысандар бар.

Көрмені ресми түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінің директоры Сержан Бараханұлы Саров ашты. Сондай-ақ іс-шарада Қазақстанның танымал сәулетшілері, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, сәулет және қала құрылысы саласына елеулі үлес қосқан тұлғалар сөз сөйледі. Олардың қатарында Г. Садырбаев, Б. Сауранбаев, О. Баймурзаев және басқалар бар. Олар ХХ ғасырдың 60–80 жылдары Қазақстан сәулеті бұрынғы КСРО кеңістігінде және одан тыс жерлерде кеңінен танылғанын, ал Тәуелсіздік жылдары кәсіби сәулеттік шешімдер мен заманауи технологияларды ұштастырған үздік жобалар жүзеге асқанын атап өтті.

Іс-шараға ғылыми және мәдени қауымдастық өкілдері, көрнекті сәулетшілер, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.