Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

20.03.2026 ж. «Анам менің бояуларымда» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Genius» даму орталығының ұйымдастыруымен «Анамның көркем келбеті» атты балалар көркемөнер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Аталған көрме әрбір баланың өміріндегі ең жақын әрі қымбат жан — анаға арналған.

«Анамның көркем келбеті» көрмесі баланың жан-жақты дамуына көркем білімнің маңызын, отбасыға деген құрметті қалыптастырудағы және рухани, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы рөлін айқын көрсетеді. «Genius» балалар орталығының педагогтері жас суретшілерге шығармашылық арқылы өз сезімдерін ашып көрсетуге және қарапайым дүниелердің өзінен әсемдікті көре білуге бағыт-бағдар беретін тәлімгер қызметін атқарады.
«Анамның көркем келбеті» көрмесінде 50 өнер туындысы ұсынылған.

Көрменің ашылуында ҚР Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары – Балаева Арайлы Бақытқызы, «Genius» даму орталығының ұстазы Сейіткерімова Айнұр Әмірханқызы және орталықтың жетекшісі – Өсірбаева Айдана Есенәліқызы сөз сөйлеп, балаларға жарқын болашақ тіледі.

Сонымен қатар, көрме қатысушылары мереке қарсаңында арнайы дайындалған шағын концерттік бағдарламаларын келушілер назарына ұсынды.