Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

17.04.2026 ж. «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Britrise Ltd (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының ұйымдастыруымен 2026 жылы 17 сәуір күні сағат 16:00-де «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашады.

Көрмеге Шейх Рашид Аль Халифа және оның RAK (Бахрейн Корольдігі) қорының өкіл ретінде қатысуы біз үшін зор мәртебе. Ашылу салтанатына өзі келе алмаса да, оның қатысуы мәдени дипломатияға қосқан зор үлесі ретінде бағаланып, көрменің жоғары деңгейін және оның халықаралық мәдени кеңістіктегі ұзақ жылдар бойғы ықпалын айғақтай түседі.

«БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесіЕл үшін маңызды мәдени оқиға саналатын «Бір аспан астында»  көрмесі Еуропа, Азия, араб әлемі, АҚШ, Ресей, Молдова, Армения және Өзбекстан сияқты әлемнің түкпір-түкпіріндегі 70-тан астам суретшінің басын қосып отыр. Көрмеде бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, фотография, сән дизайны, видео және материалдық тәжірибелер сияқты әртүрлі бағыттарда жұмыс істейтін суретшілер өз туындыларын Қазақстанда алғаш рет ұсынады.

Жоба инклюзивті халықаралық платформа ретінде ойластырылған және шығармашылықты біріктіруші күш ретінде қарастырады. Әртүрлі мәдени көзқарастарды бір музей кеңістігінде тоғыстыра отырып, ол айырмашылықтарға бөлмейтін, керісінше үйлесімді түрде қатар өмір сүріп, бір-бірін байытатын әлемді бейнелейді.

Көрменің арнайы бөлімі заманауи араб өнеріне арналған. Бұл бөлімде Парсы шығанағы елдері – Бахрейн, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Оман, сондай-ақ Иордания мен Ирак суретшілерінің жұмыстары ұсынылған. Олардың туындылары мәдени мұра элементтерін үйлестіре отырып, дәстүр мен заманауилық арасындағы терең диалогты көрсетеді және біртектілік, тарих пен мәдени сабақтастық тақырыптарын зерделей отырып шөл пейзаждарын, сәулеттік мотивтерді замануи көркемдік тәжірибелер негізінде бейнелейді.

«Бір аспан астында» жобасының бір бөлігі ретінде Сауд Арабиясының ең беделді әрі халықаралық деңгейде танылған суретшілерінің бірі Ахмед Әл Маглуттың жеке экспозициясы ұсынылады. Оның шығармашылығы шынайылығымен және мазмұндық тереңдігімен ерекшеленіп: дәстүрлі өмір көріністерін, қоғамдық басқосуларды және әйелдердің өзгеріп жатқан рөлін аса ұқыптылықпен әрі адамдық байланыстың айқын сезімдерімен бейнелейді. Корольдік отбасының, Мәдениет министрлігінің және жетекші мәдени институттардың кең қолдауына ие болған Әл Маглут Сауд Арабиясының заманауи өнеріне қосқан зор үлесімен ғана емес, сонымен қатар журналист ретіндегі қызметімен және өнер арқылы жүзеге асатын қайырымдылық бастамаларымен де танымал. Ол аукциондардан түскен қаражаттың бір бөлігін қайырымдылық мақсаттарға жиі аударады.

Қатысушылар қатарында Калсам Белселах (БАӘ) дәстүр мен заманауилық арасындағы байланысты зерттеп, реализмнен абстракцияға еркін өтеді. Қатар мемлекетінің өкілі, Мәртебелі Фархан Әл Шейх Әл Сайед өз шығармаларында мәдени болмысты аймақтың маңызды символдық бейнесі – сұңқар арқылы бейнелейді. Джамела Әлхерз (Сауд Арабиясы) ЮНЕСКО қорғауындағы Әл-Ахса аймағының мәдени мұрасын экспрессивті портрет жанры арқылы көрсетеді. Доктор Моханнад Әл-Дауд (Ирак) шығармашылығы дәстүрлі сәулет пен қалалық өмірден шабыт алып, мәдени жады тақырыбына негізделген.

Кристин Эль Ожейл (Ливан/БАӘ) өзінің жарқын әрі эмоционалды гүл композицияларымен танымал болса, Сара Альбаннай (БАӘ) өмірдің күрделілігін түс, фактура және символика арқылы бейнелейді. Ал Али Ахмади (Бахрейн) каллиграфия мен бейнелік элементтерді үйлестіре отырып үйлесімді көркем мазмұнды жеткізсе, Марам Хасан (Иордания) көпқабатты кескіндеме техникасында жұмыс істеп, бір-бірімен тоғысқан визуалды бейнелерден тұратын композициялар жасайды.

Жапон өнерінен шабыт алған заманауи эстетикалық kawaii мәдениетінің элементтерін нәзік сюрреализм және эмоционалдық көпқабаттылықпен ұштастырады. Жұмсақ қабаттар мен нәзік фактуралар арманға ұқсас атмосфера қалыптастырса, әсіреленген бет-бейне мен символикалық элементтер ішкі әлем, нәзіктік және психологиялық тереңдік тақырыптарын ашады. Бұл бағытты көрмеде 12 жапон суретшісінен тұратын топ ұсынады. Топтың өкілі Ясиро Хироюки (Peddy Pot) ашылу салтанатына қатысады.

Ұлыбритания, Испания, Италия, Польша және Австрия суретшілері жаңашылдық, эксперимент және субъективтілікке негізделген ортақ көркемдік бағытты ұсынады.

Көрмеге Ресей мен Армения суретшілері – Екатерина Бодрунова, Александра Фалейчик және Армине Саакян сәндік-қолданбалы өнер саласындағы авторлық жұмыстарын қойған.

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері де көрмеге елеулі үлес қосуда. Олар өз шығармаларында ұлттық дәстүр мен мәдени бірегейлікті символдар, ою-өрнек мен түстер арқылы бейнелейді. Қатысушылар арасында: Гүлнар Сүйінбаева, Серік Тайнов, Қабыл Халықов, Гүлнара Табанова, Елена Фурса, Маржан Бақытбекова, Айгүл Сапарбекова және Бибігүл Смақова бар.

Көрмені ұйымдастырушы Britrise Ltd компаниясы тарапынан халықаралық деңгейде танылған куратор, суретші және журналист Раиса Амброс қатысады. Оның туындылары маңызды жеке және музейлік коллекцияларда, атап айтқанда Ватикандағы Рим Папасы Францискінің, сондай-ақ Корольдік Жоғары Мәртебелі Сауд Әл Сауд ханзаданың жеке коллекцияларында және Молдова Республикасының мемлекеттік мекемелерінің коллекцияларында ұсынылған.

Көрменің тең кураторы және ұйымдастырушысы – суретші, педагог, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі және халықаралық арт-жобалардың ұйымдастырушысы Бибігүл Смақова.

Britrise компаниясы Art, Fashion and Cultural Diplomacy (Катар), DCS Contemporary галереясы (Германия) және First Access (Сауд Арабиясы) ұйымдарымен, сондай-ақ Al Ayam, The Daily Tribune (Бахрейн), Radio Moldova, Eurocomunicazione және Arte Magazine (Италия) сияқты медиа серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Ашылу салтанатында таңдаулы суретшілер мен серіктестер Ұлыбританияның Лондон қаласынан шыққан Britrise брендінің BritAlma сыйлығын иеленеді.

«Бір аспан астында» көрмесі екі залда ұсынылады және видеоформатта да қолжетімді.

Өтетін мерзімі: 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.