11.04.2025 ж. Музей жұмыс істемейді
Құрметті музей қонақтары! 2025 жылдың 11 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейді. Қалған күндері музей әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
06.03.2025 ж. «Жанұя жылуы – баланың көзімен» көрмесі
ҚР Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 6 наурызы күні сағат 15:00-де, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Творим вместе» көркемөнер мектебінің ұйымдастыруымен өтетін «Жанұя жылуы – баланың көзімен» көрмесінің ашылу салтанатына шақырады. Бұл көрмеде балалар барша әйел затына деген сүйіспеншілігі мен құрметін жеткізуге тырысады. Балалар өздерінің ең қымбат жандары – аналарына, әжелеріне, әпкелеріне […]
14.03.2025 ж. «ІІІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» Халықаралық ғылыми форумы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет Комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы Сіздерді 2025 жылдың 14-15 наурызында «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» ұлттық мерекесіне орай өтетін дәстүрлі «ІІІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» Халықаралық ғылыми форумына шақырады. Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау. Форум жұмысының міндеттері: түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, […]
05.03.2025 ж. «АЛТЫН АДАМНЫҢ МҰРАСЫ» көрмесі, зерттеуші Мағрипа Жылқыбаеваның 80-жылдық мерейтойына арналады
2025 жылдың 05 наурызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «АЛТЫН АДАМНЫҢ МҰРАСЫ» көрмесі ашылады. Көрме жұмысы кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғанындағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, 25 том кітап жазған жаратылыстанушы ғалым, адамзаттың 50000 жылдық тарихына бойлап, байырғы жаһандықтұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі өркениеттердің ғажайып құпиясын […]
05.03.2025 ж. «АБАЙ ЖОЛЫМЕН» бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесі
2025 жылдың 5 наурызы сағ.: 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетімен бірлесіп, «Өнер факультетінің» профессор-оқытушылары, студенттері мен түлектерінің қатысуымен ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ЖОЛЫМЕН» бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесін ашады. Бұл айтулы мәдени оқиға Абай шығармашылығының сан қырлылығының және ұлы тұлғаның Қазақстанның көркемөнер […]
28.02.2025 ж. «Рахмет саған, Қазақстаным» тақырыбында мәдени-танымдық іс-шара
2025 жылы 28 ақпанда Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік орталық музейінде 1-наурыз – Алғыс айту күніне орай «Рахмет саған, Қазақстаным» тақырыбында мәдени-танымдық іс-шара өтеді. Алғыс айту күні – Қазақстанға жер аударылып келген түрлі этнос өкілдерінжатсынбайбауырмалдықпен қарсы алып, оларға қамқорлық,қонақжайлылық танытқан қазақ еліне,жеріне алғыс білдіруге арналған. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерін «Біз Қазақстандықтармыз» деген ұғым біріктіреді. Қазақстанныңтүрлі […]
28.02.2025 ж. «Ер туралы жыр» мәдени-танымдық іс-шарасы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 28 ақпаны күні сағат 15:00 де ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Ер туралы жыр» мәдени-танымдық іс-шарасы өтеді. Көрермен назарына музей қорында сақталған Нұрпейіс Байғаниннің фото-құжаттары ұсынылады. Атаулы шараға Нұрпейіс Байғаниннің шөбересі Ерболат Момынұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Серікқазы […]
01.05.2025 ж. Фотобайқау «Мен және менің тазым»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен қазақтың — тазы ит тұқымын сақтап, көбейту және насихаттау мақсатында оқушылар мен отбасылар арасында республикалық « Мен және менің тазым»тақырыбында фотоконкурс жариялайды. Жұмыстар 2025 жыл 1 наурыздан 1 мамырға дейін қабылданады. Сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласа аласыздар. Алтынбекова Нуржанат Жоламановна, жұм. тел: +7 […]
28.02-02.03.2025 ж. «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкесі
Наурыз – көктемнің басталуы, жарықтың салтанаты, табиғаттың оянып, жаңа өмірдің жандануы. Бұл мезгіл – күннің шуағы мен жылуы, үміт пен шабыттың кезеңі. Ал 8 наурыз – нәзіктік пен сұлулықты дәріптейтін, әйелдер қауымы үшін ең сүйікті мерекелердің бірі! Бұл күннің айрықша символы – қызғалдақтар, сондықтан біз «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкемізді осы көркем гүлдің құрметіне арнадық. Өйткені […]
26.02.2025 ж. «Көктемгі рапсодия» көркемөнер көрмесі
2025 жылғы 26 ақпанда сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі рапсодия» көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 61 жастан 84 жасқа дейінгі 31 қатысушының акварель, гуашь, акрил және майлы бояу сияқты түрлі техникада орындалған 96 өнер туындысы ұсынылады. Жұмыстардың тақырыптық […]