Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

05.03.2025 ж. «АЛТЫН АДАМНЫҢ МҰРАСЫ» көрмесі, зерттеуші Мағрипа Жылқыбаеваның 80-жылдық мерейтойына арналады

Мағрипа Жылқыбаева2025 жылдың 05 наурызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «АЛТЫН АДАМНЫҢ МҰРАСЫ» көрмесі ашылады. Көрме жұмысы кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғанындағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, 25 том кітап жазған жаратылыстанушы ғалым, адамзаттың 50000 жылдық тарихына бойлап, байырғы жаһандықтұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі өркениеттердің ғажайып құпиясын бүгінге жеткізген бірегей зерттеуші – Мағрипа Жылқыбаеваның 80-жылдық мерейтойына арналады.

Көрмеде Мағрипа Жылқыбаеваның жеке заттарымен ғылыми еңбектері қойылады. Сонымен катар, көрменің ашылу салтанатында “Үш киян” баспасының директоры Махмут Қосмамбетов жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын расшифровкалау нәтижесінде жазып шыккан “Алтын адамның аманаты”, “Алтын адамның мұрасы”, “Құпия күштер кұдіреті” деп аталатын кітаптарының таныстырлымын өткізеді.

Өтетін күні мен уақыты: 05 наурызы 2025 жыл. сағат 11.00.

Көрме 2025 жылдын 05 – 21 наурызы аралығында өтеді.

Уважаемые гости и жители города! Уведомляем Вас, что 21 февраля 2026 г. по техническим причинам музей будет закрыт в 17.00. Приносим свои извинения за причиненные неудобства.