Соңғы жаңалықтар

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 31 қаңтар күні сағат 11.00-де ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

Басты бет

Құрметті музейге келушілер!

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі сайтына қош келдіңіздер! Сайттан сіздер музейіміз жайлы ақпарат, жұмыстардың негізгі бағыттары, өткізілетін іс – шаралар мен көрмелер туралы көптеген мәліметтер ала аласыздар, коллекциялармен және көрсетілетін қызметтермен танысасыздар.

«Музей туралы» бөлімінен сіздер Музей тарихы, ұсынылатын қызметтер, бағалар мен бізді қалай табуға және байланысуға болатыны жайлы ақпаратты табасыздар.

«Экспозициялар» бөлімінен сіздер музейдің экспозициялық залдары бойынша виртуалды саяхат жасай аласыздар және мынадай тұрақты 6 зал: «Палеонтология және археология», «Тарихи-этнография», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ашық қор. Алтын зал», «Антропология музейі», «Суретші-этнограф Н.Г. Хлудов» залы туралы ақпарат ала аласыздар.

«Коллекциялар» бөлімі музейдің қорларда сақталған ерекше-бірегей және сирек кездесетін коллекцияларын таныстырады.

«Ғылыми-қор қызметі» бөлімі қызығушылық танытушыларды музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен (Ғылыми Кеңес, жарияланымдар, еңбектер, ғылыми-қолданбалы жобалар, ғылыми конференциялар мен семинарлар, экспедициялар) таныстырады. Музейдің қор экспонаттарымен жұмыс істейтін мамандардың жұмысы туралы баяндайды.

«Мәдени-білім жұмысы» бөлімінен сіздер музей мамандары өткізген дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсиялар, музей сабақтары, іс-шаралар, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы әзірленген білім беру бағдарламалары, ҚР МОМ қор коллекцияларынан және жеке жиналымдарынан өткізілген көрмелер жайлы ақпарат ала аласыздар.

«Қонақ кітабы» бөлімінде музей қызметі жайлы алған әсерлеріңіз бен өз ой-пікірлеріңізді қалдыра аласыздар!