28.02.2026 ж. Archive Exhibition 2023–2026 көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жас дизайнерлерге арналған ең беделді байқаулардың бірі – «Next Designer Award empowered by Visa» финалистерінің жұмыстарын ұсынатын ауқымды жоба. Бұл – жай ғана экспозиция емес. Бұл –дизайнерлердің жаңа буынының қалыптасу сатылары туралы баяндайтын көркем шежіре. Көрмеде алғашқы батыл тәжірибелер […]
16.02.2026 ж. «Шамдар жанған сәтте» атты балалар шығармашылығының көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Шығыс Жаңа жылы мен Шамдар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шамдар жанған сәт» атты балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге Алматы қаласындағы бейнелеу өнері студиялары мен көркемсурет мектептерінің оқушылары қатысып, өз туындыларын ұсынды. Көрме 5 пен 17 жас аралығындағы алматылық жас суретшілердің басын қосып, кескіндеме мен графиканың түрлі техникасында орындалған 100 […]
13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Иран ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» атты тақырыптық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрме Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған болатын. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Иран нысандары туралы көрме адамзаттың ортақ мұрасы ретінде танылған 29 тарихи-мәдени ескерткішті қамтиды. Фотоколлекцияда археологиялық кешендер мен көне сарай ансамблі […]
04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Аталған мәдени іс-шара Алматы облысының музейлер бірлестігіне қарасты Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейі және Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжімен бірлесіп өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі […]
31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді. Кітаптың негізгі өзегі – әке тұлғасы, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ұлттық рух. Мерекелік шара барысында келушілер автордың шығармашылық жолымен танысып, кітапқа енген балалар өлеңдерінен үзінділер оқыды, автордың әндері орындалды. […]
23.01.2026 ж. «ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР» атты көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап, зерттеп, оны халықаралық деңгейде насихаттап келе жатқан жетекші музейлердің бірі. Музейдің Антропология және этнология бөлімі қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен дүниетанымын бейнелейтін «Өрнекпен өрілген өнер» көрмесін ұсынады. Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорындағы этнографиялық коллекция негізінде дәстүрлі қазақ мәдениетін кеңінен […]
16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғасырлар бойы Эстонияның солтүстік өңірлерінің қатал климат жағдайында қолғаптар күнделікті тұрмыстық қажеттілік қана емес, сонымен қатар сұлулық пен шеберліктің, халық жадында сақталған рухани дәстүрлерге деген құрметтің символы болып келеді. […]
31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026 жылдың 1,2 қаңтарында жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. 3 қаңтардан бастап музей әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі
2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның ішкі әлемі мен өмірдің табиғатына арналған, өнер мен философиядағы жаңа дүниетанымды ашатын көркем жоба. «Жасушалық құрылым» көрмесі жасуша бейнесін бүкіл тіршіліктің алғашқы негізі ретінде зерттейді. Экспозиция көрерменді санамыздың «жасушаларын» немен […]
11.12.2025 ж. «Дала өрнектерімен өрілген метал бұйымдар» көрмесі
2025 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейі (бұдан әрі- ҰОМ) «Дала өрнектерімен өрілген метал бұйымдар» көрмесін өткізеді. Торевтика – металл бұйымдарды көркемдеп, рельефті өңдеуге негізделген қолданбалы өнер. Зерттеулер барысында белгілі болғандай аталмыш техника алтын, күміс бағалы және қола, темір, мыс тәрізді түсті металл бұйымдарын әсемдеуде қолданылғанымен, ең кең таралғаны – мыс, […]