Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

Көрмелер жұмысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі (әрі қарай ҚР ҰОМ) өзінің көрме қызметі аясында жыл сайын 35-тен астам көрме және 80 іс шара ұйымдастырып өткізеді. ҚР ҰОМ көрме қызметінің басты бағыты музейдің қор коллекциялары мен жеке жинақтардағы материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін экспонаттауға негізделген. Музей музей ісі саласында бұған дейін жолға қойылған халықаралық байланыстарды дамытуды жалғастыруда және соңғы жылдары шетелдерде 20-дан астам көрме ұйымдастырды.

Музейдің шетелдердегі көрмелері

ҚР Ұлттық орталық музейі алыс-жақын шетелдердің музейлері, ғылыми-зерттеу, оқу және мәдени мекемелерімен ғылыми ынтымақтастықты дамытуда. Атап айтқанда, Британ музейі (Лондон қ.), Мемлекеттік Эрмитаж (Санкт-Петербург), Жапон ұлттық музей, Корей ұлттық этнографиялық музейі (Сеул қ.), Ресей этнография музейі (Санкт-Петербург), Болон университеті (Италия), Мемлекеттік тарихи музей (Мәскеу қ.), Пенсильвания университетінің Антропология музейі (АҚШ), Нью-Йорк университеті қасындағы Ежелгі әлемді зерттеу институты (АҚШ), Гим атындағы Шығыс халықтарының өнер музейі (Париж), Тау-кен ісі музейі (Германия, Бохум қ.) және т.б.

Айтулы нәтижелер қатарында Германияда сақ қорымдарының қазбалары бойынша құрылған «Алтын гриф» – ҚР МОМ қорларынан алынған Қазақстанның археологиялық алтындары халықаралық жобасы (Мюнхен және Гамбург қ.). Көрме скиф обалары қазыналарының коллекцияларын иеленуші ресейлік және украиндық музейлермен бірлесе өткізілді. Алғашқы Берлиндік көрме орасан зор табысқа қол жеткізді, көрмені үш ай бойы 149 мыңнан астам адам тамашалады. Аталмыш көрме Мюнхен, Гамбург қалаларында 2008 жылдың көктеміне дейін жалғасты. Сақ қорымдары мен көмбелерінің қазыналары Иорданияда (2009 ж.), Біріккен Араб Әмірліктерінде (2009 ж.) Кореяда (2010 ж.), Францияда (2010 ж.), АҚШ-та (2012 ж.), Германияда (2013 ж.) және басқа елдерде өткізілген көрмелерде де көрсетілді.

Қазақстан Республикасының орталық музейі «Гим атындағы Шығыс халықтарының өнері» музейімен бірігіп жасаған «Қазақстан: адамзат, жануарлар әлемі және дала құдайлары» (Париж қ.) көрмелік жобасы – 2010 жылғы Қазақстан тарихындағы жарқын оқиғалардың бірі. Елбасы Н.Назарбаевтың алғашқы ресми сапарымен Франция қаласына келуіне орайластырылған көрме үлкен табысқа ие болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының орталық музейі 2012 жылы Нью-Йорк университеті жанындағы Көне әлемді зерттеу институтымен (АҚШ) ынтымақтаса отырып, «Көшпелілер және байланыстары: Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениеті» атты жаңа жобасын америкалық жұртшылыққа ұсынды. Бұл бірлесіп ұйымдастырылған көрме Нью-Йорк қаласында, сондай-ақ Вашингтон қаласындағы Смитсон институтының Фриера және Саклера галереяларында да үлкен табысқа жетті. Көрмеге Президенттік Мәдениет орталығы мен Қазақстан Республикасының орталық музейінің қорларындағы археологиялық коллекциялар қойылды.

2013 жылы Орталық музейі Бохум қаласындағы (Германия) «Тау-кен ісі музейімен» бірлесе отырып, байырғы көшпелілердің бай мәдениеті мен тарихын танытатын «Беймәлім Қазақстан — Археология Азия жүрегінде» атты Халықаралық көрме ұйымдастырды.

ҚР Орталық музейі Қытай Халық Республикасының ғылыми және мәдени мекемелерімен халықаралық байланыстарды белсенді дамытуда. Қазақстан мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық Ұлы Жібек Жолын дамыту аясында ек ел арасында

ортақ тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға, бейбітшілік пен ашықтықты, толеранттықты сақтауға, Жібек Жолы бойында орналасқан елдер арасында жан-жақты байланыс орнатуға бағытталған. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белбеу және бір жол» бағдарламасы және ҚР МОМ мен ҚХР Таң династиясының Батыс базарының Сиань музейі арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында «Ұлы дала: ежелгі көшпелілер мәдениеті» көрме ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік музейдің қор коллекциялары негізінде Сиан қаласында өткен бұл көрмені 100мыңға жуық адам тамашалады. Көрме көшпелі мәдениет иелері – сақ, үйсін және қаңлылардың жоғары деңгейде дамыған бай материалдық мәдениетін танытты.

ҚР ҰОМ сондай-ақ, ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Музей ісі және бірлескен мәдени-білім беру жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум да жасалған.

Музейдің қор коллекциялары негізінде ұйымдастырылған көрмелер

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қоры сонау көне замандардан қазірге дейінгі Қазақстан тарихынан мағлұмат беретін материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерінен тұрады. Әр сипаттағы музей коллекциялары түрлі сипаттағы: мерейтойлық, мемориалдық, коллекциялық, бір затқа арналған көрме және басқа да уақытша көрмелер құруға зор мүмкіндік береді.

2015-2018 жылдары музейдің қор коллекциялары негізінде 40-тан астам көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмелер ғылыми және мәдени көпшілік арасында үлкен қызығушылық тудырып, республикалық БАҚ-да жаппай жарияланып отырды.

Соңғы жылдары ұйымдастырылған тақырыптық және мерейтойлық көрмелердің аса маңыздыларын атап көрсетсек:

  • XXIV Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізу аясындағы «Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтары»;
  • Астана күнін мерекелеу аясында «ҚР ҰОМ қорындағы кілем және тоқыма бұйымдар коллекциясы» и «ҚР ҰОМ қор коллекциясындағы қару-жарақтар мен ат әбзелдері»;
  • Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өту аясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорындағы кілем және тоқыма бұйымдар коллекциясы» және «Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары;
  • Алматы қаласы күні аясында «Алматы – ежелгі өркениет орталығы»;
  • «ҚР ҰОМ қорындағы самаурындар коллекциясы». Көрме аясында қазақ, орыс және ұйғыр дәстүрінде шәй беру салтанаты өтті. 133 с.б. экспонатталды.
  • «Алаумен өрілген өнер» көрмесінде халық назарына музей қор коллекциясындағы археологиялық заманнан қазіргі күнге дейінгі керамикалық және фарфор бұйымдар мен Қазақстан, Ресей, Орта Азия, Еуропа халықтарының тұрмыстық бұйымдары ұсынылды.
    • «Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін» көрмесі келушілерді Қазақстан территориясындағы ядролық полигонның жабылуы мен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жұмысымен таныстырды.
    • Музейдің қор коллекциясы негізінде ұйымдастырылған «Дәстүрдің жарқын жалғасы» көрмесі Қазақстан зергерлерінің жұмыстарымен таныстырды. Көрмеге 106 с.б. зат қойылды.
    • «Отбасы. Тұрмыс. Құндылық» көрмесі. XIX-XX ғғ. қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрін сипаттайтын сирек те бірегей фотоқұжаттардан – 66 с.б. тұрды.

    ҚР ҰОМ мәдени-білім жұмысы қызметінде Қазақстанның ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастыру ерекше орын алады.

    ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Орталық музей 2017 жылдың мамыр айында қор коллекциялары негізінде қазақстандық ғылым мен мәдениеттің даму тарихы мен қол жеткізген жетістіктеріне арналған «ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЛЫ СОҚПАҒЫМЕН: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ҒАЛЫМ-ТҰЛҒАЛАР» көрмесін ұйымдастырып өткізді. Көрме экспозициясына қазақстандық ғылым мен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар көрнекі ғалымдардың: Қ.И. Сатпаев – Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы; академик Ә.Х. Марғұлан, Х.А. Арғынбаев – этнограф, археолог, профессор; К. Акишев – қазақстандық археологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірі; тұңғыш әйел-палеонтолог Б.С. Қожамқұлова, С. Сейфуллин – ақын, жазушы, мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның әйгілі ғалымдары: С.З. Зиманов, М.Х.Асылбеков, У.Х.Шәлекенов, А.К.Қошанов, Ж.К.Қасымбаев, Е.Е. Ерғожин және т.б. жеке кешендері қойылды.