14.11.2024 ж. Студенттер күніне орай ұйымдастырылатын «Жастардың әлеуеті-елдің болашағы» студенттердің шығармашылық инновациялық өзіндік жұмыстарының көрмесінің аясында «Музейдегі сол бір кеш» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жастарға қатысты: «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», – деген болатын. Демек, […]

07.11.2024 ж. «Asia Doll» авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Asia Doll» Қазақстанның қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашты. Биылғы көрмеге Алматы, Өскемен, Риддер, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Астана, Семей, Орал, Алтай (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан 50-ден астам шеберлер қатысты. Шеберлер полимерлі саздан, матадан және киізден жасалған сан алуан авторлық қуыршақтарын көрермен […]

01.11.2024 «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды. Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ашып, бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым- қатынастар мен ынтымақтастық байланыстыратынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының […]