ҚР Ұлттық Орталық музейі келесі бос орындарға конкурс жариялайды
- Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары — ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы тәжірибесі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, доктордың (кандидаттың) ғылыми дәрежесі болған жағдайда ғылыми-педагогикалық жұмыстарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Лауазымдық айлықақысы 500-550 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
- Бас инженер — біліктілікке қойылатын талаптар; Жоғары техникалық білім (инженерлік, құрылыс немесе энергетика саласы бойынша). Инженерлік-техникалық салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. Басшылық немесе жетекшілік тәжірибесінің болуы құпталады. Инженерлік жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету қағидаларын білу. Қауіпсіздік және өртке қарсы нормаларды білу Жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, жүйелі ойлау. Лауазымдық айлықақысы 500-550 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
- Бас ғылыми қызметкер — (Қазақстан тарихын зерттеу бөлімі), Қазақстан тарихын зерттеу бөліміне); Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылым докторының ғылыми дәрежесі, жаңалықтарды ашудағы дипломның және авторлық куәлік қағаздарының немесе ірі ғылыми еңбектердің және іс жүзінде жүзеге асырылған нәтижелердің бар болуы, тиісті білім саласында ғылыми беделі.Лауазымдық айлықақысы 500-550 мың теңге аралығында.
- Жетекші ғылыми қызметкер — (Қазақстан тарихын зерттеу бөлімі); Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 10 жыл жұмыс тәжірибесі, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлік қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда — стажына талап қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 400-450 мың теңге аралығында.
- Кіші ғылыми қызметкер: (Археология бөліміне) Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 3 жыл жұмыс тәжірибесі, Ғылыми дәрежесі болған жағдайда — жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге аралығында.
- Инженер маман (Бақылау, өлшеу құралдары автоматика және электротехникалық қызмет бөліміне); Біліктілікке қойылатын талаптар (орта санатты): — тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және кемінде жұмыс стажы 3 жыл болуы тиіс және тиісті мамандық бойынша 1000ВТ электрожүйесіне рұхсаты болуы тиіс. Лауазымдық айлықақысы 250-300 мың теңге аралығында.
- Қор сақтаушы маман (Қазақстан тарихын зерттеу бөліміне); — Жоғары деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; — I деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: — “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; — II деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: — “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі; Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге
- Мемлекеттік сатып алу бойынша біліктілігі жоғары санатты менеджер маманы -мемлекеттік сатып алу бөліміне; — Біліктілікке қойылатын талаптар; «экономист» және “заңгер” мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек. Лауазымдық айлықақысы 250-300 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
- Антропология және этнология бөлімінің жетекшісі; Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы керек. Лауазымдық айлықақысы 550-600 мың теңге аралығында.
- Инженер маман. Пневмо-насостық қондырғылар және сантехникалық қызмет бөліміне; Біліктілікке қойылатын талаптар(жоғары санатты): — тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандық бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; Лауазымдық айлықақысы 200-250 мың теңге аралығында.
- Музей қорын есепке алу архивист маман (Қорды есепке алу бөліміне); I деңгейдегі біліктілігі жоғары санатты музей қорын есепке алу архивист маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге аралығында.
2025 жылдың 18 ақпан мен 3 наурыз аралығында қабылданады.
байланыс телефондары: 264-56-72