Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

28.02.2025 ж. «Ер туралы жыр» мәдени-танымдық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 28 ақпаны күні сағат 15:00 де ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Нұрпейіс Байғаниннің туғанына  165  жыл толуына орай «Ер туралы жыр» мәдени-танымдық іс-шарасы өтеді.

Көрермен назарына музей қорында сақталған Нұрпейіс Байғаниннің  фото-құжаттары ұсынылады. Атаулы шараға Нұрпейіс Байғаниннің  шөбересі Ерболат Момынұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Серікқазы Сыбанбайұлы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология орталығының директоры, ф.ғ.к  Жұмашай Сайлауқызы, Публицист, сценарист Қалдыгул Әкімжанқызы және т.б. ғалымдар қатысады.

Сонымен қатар, шараға Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика, филология факультетінің студенттері, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттері көреремен ретінде шақырылды.