ҚР Ұлттық орталық музейі мен Тоталды театр бірлесіп Инклюзивті балаларға арнап 2026 жылдың 29 сәуір күні «Ертегі әлеміне саяхат» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және білім алуға тең мүмкіндік жасау.
Аталған шара аясында балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, түрлі интерактивті ойындарға қатысып, театрландырылған көріністер арқылы өз қиялын еркін жеткізе алады. Бұл олардың эмоционалдық дамуына, қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуына және өзін-өзі сенімді сезінуіне ықпал етеді.
Іс-шара барысында:
- «Тоталды театр» әртістерінің қатысуымен театрландырылған қойылым ұсынылады;
- Балаларға арналған интерактивті ойындар мен ертегі кейіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылады;
- Қолөнер және шығармашылық бағыттағы шеберлік сабақтары өткізіледі;
- Музей кеңістігінде арнайы экскурсиялық бағдарлама ұсынылады;
- Қатысушыларға жағымды эмоция сыйлайтын ойын-сауық және дамыту элементтері қамтылады.
Байланыс телефондары:
264-46-77, 8 747607 81 47