2026 жылғы 4 мамыр күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары дайындаған «ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ» атты көркемөнер көрмесі ашылады.
Көрменің мақсаты — шығармашылықтың жасқа шектеу қоймайтынын және кез келген жастағы адамдар үшін шабыттың, өзін-өзі танытудың әрі арт-терапияның көзі бола алатынын көрсету.
Осы экспозиция үшін сұлулықтың, жаңарудың және үйлесімнің символы саналатын гүлдер әлеміне арналған, оның сан қырлы байлығын, нәзік поэзиясы мен айрықша әсемдігін айшықтайтын жаңа туындылар жасалды. Көрмеде акварель, акрил, гуашь және майлы бояу техникасында орындалған жұмыстар ұсынылған. Көрме көркемдік бағыттардың кең ауқымын қамтиды: абстракция, авангард және реалистік бейнелеу.
Ересек жастағы адамдардың әуестігі өмір бойы жинақталған тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді. Олар сұлулықты терең сезіне білуге үйреніп, түс пен пішін арқылы тәжірибе жасай отырып, даналық пен ішкі мазмұнға толы туындылар жасайды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары мұндай сабақтардың өздеріне қанағат сезімін сыйлайтынын, психологиялық саулықты қолдайтынын және өмірді жарқын ете түсетінін атап өтеді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары әртүрлі жастағы адамдар, олар 3 айдан 3 жылға дейін суретші график, акварельші, Қазақстан және Грузия Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының вице-президенті, «Қазақ өнерінің қайраткері» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, Францияның «Art Mondial» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, кескіндеме пәнінің педагогы Марлан Кенесович Нысанбаевтың жетекшілігінде шығармашылықпен айналысады. Оның тәлімгерлігінің арқасында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының көрмесі Ұлттық орталық музейде екінші рет өткізіліп отыр.
2023 жылы Орталық «Алматы әжелері» жас ерекшеліктері бойынша модельдер клубын іске қосты (жетекшісі – ҚР білім үздігі Ищанова Зина Сайлауовна). Ең жас модельдің жасы 76-да. Бұл ғажайып әйелдер Италиядағы халықаралық сән апталығында Қазақстанды таныстырып, Түркия, Қырғызстан елдерінде өткен халықаралық этнофестивальдердің және 2024 жылғы қалалық ұлттық киім фестивалінің жеңімпаздары атанды. Олардың жарқын қойылымдары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Жас ерекшеліктері бойынша модельдер тобы сондай-ақ Ольга Сапожникованың «Өзіңе жол. Ұзақ өмір» атты деректі фильмінің кейіпкерлеріне айналды.
«Гүлдер әлемі» атты көрме 51 қатысушыны біріктіріп, 120-дан астам жұмысты қамтиды және қаланың мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналмақ. Ол гүлдер әлемінің байлығы мен сан алуандығын танытып, өнердің адамдарды біріктіретінін, өмірге үйлесім сыйлап, жаңа шығармашылық ізденістерге шабыт беретінін айқын көрсетеді.
Көрме 2026 ж. 14 мамырға дейін жалғасады.
Мекен-ж.: Самал-1, 44 үй. ҚР Ұлттық орталық музей