Соңғы жаңалықтар

28.06.2025 ж. Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғайды  және  көрме

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы   өнер және дизайн мектебі  бірлесіп 2025 жылғы 28 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Ә. Қастеев

Подробнее »

16.06.2025 ж. «ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ» литвалық суретшінің халықаралық көрмесі

2025 жылғы 16 маусым күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған атақты литвалық суретші

Подробнее »

16.05.2025 ж. Суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІ РУХЫ» жеке көрмесі

2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІЛЕР РУХЫ» жеке көрмесінің ашылуына

Подробнее »

17.04.2025 ж. Суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 ж. 17 сәуірі сағат 16.00-де суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесін ашады.

Вернисажда «Тау», «Гүлдер», «Аспан денелері» және басқа да топтамалардан құралған туындылар қойылады. Көрменің мазмұндық өзегін автордың «Антилабиринт» атты картиналар сериясы құрайды. «Антилабиринт» –автордың өзі ойлап тапқан, бұрын-соңды болмаған ұғым. Бұл – әрбір жол міндетті түрде мақсатқа апаратын, лабиринтке қарама-қайшы тұжырымдама.

Жазира Жанабаева – Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясының мүшесі, кәсіби суретші. Оның шығармалары Еуропа музейлерінде және әлемнің түрлі елдеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Сондай-ақ, туындылары халықаралық байқаулар мен көрмелерде қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланған.

Биыл Жазира испандық «TARTget Painting Prize 2025» белді сурет конкурсының финалисті атанды. Ал 2025 жылдың мамыр айында Лондонда өтетін Woman’s Essence Show 2025 көрмесінде St.Art Gallery галереясында топтық көрмеге қатысып, Woman’s Art Award жүлдесіне ие болмақ. Бұл көрменің кураторы – Венециандық биенналенің ұлттық павильондарының кураторы және Миланның Брера сурет академиясының профессоры Вивиана Ваннуччи.

Автор «Көркем текстиль» мамандығы бойынша академиялық білім алған. Оның сүйікті техникалары – жібекке сурет салу және қолмен тоқыма тоқу. Сонымен қатар, Жазира Жанабаева Алматыдағы ең көне бейнелеу өнері студияларының бірі – «Синяя черепаха» студиясының басшысы болып 20 жылдан астам қызмет атқарып келеді. ҚР Орталық музейінде «Синяя черепаха» арт-студиясының көптеген көрмелері үлкен табыспен ұйымдастырылып, оған 150-ден астам бала қатысты.

Суретшінің манифесті: «Мен ұлттық қолданбалы өнер дәстүрлерін сақтауды ғана емес, оларды жаңғыртуды да мақсат етемін. Менің мақсатым — гобелен, батик, киіз сияқты өнер түрлерін қазіргі заманғы арт-дискурсқа енгізу. Барлық жұмыстарыма тек экологиялық таза материалдарды – жібек пен жүнді қолданамын. Соңғы 15 жылда шығармашылық тәжірибем мандала өнерімен толықты. Дәстүрлі мандала – бұл орталықтан басталатын дөңгелек сурет, ол рухани тәжірибелерде, арт-терапияда және өнерде қолданылады. Мен бағдарламалаушы мандалалармен жұмыс істеймін. Мандала жасаудың барысында медитация, түс психологиясы, ою-өрнектердің символикасы, түстердің тілін, қазақ тайпаларының көне таңбаларын және нумерологияны қолданамын. Мандала кеңістігінде мен санадан тыс күйге қол жеткізіп, тірі шығармашылық процессіне сенім артуға мүмкіндік аламын, әлеуметтік, гендерлік немесе кәсіби шарттардан тәуелсіз боламын. Мандала – бұл шығармашылық медитация. Дөңгелек. Абсолют. Толықтық. Босату. Өзіңмен және әлеммен біртұтас болу мүмкіндігі. Мандала – бұл әлемге жіберілген хабарлама, манифест».

Автордың келесі жеке көрмесі мамыр айында Лондонда Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясының арт-фестивалі аясында өтеді.

Жазира Жанабаева 15 жылдан астам уақыттан бері мандала өнерімен айналысып келеді. Оның көрмесінде өмір философиясын, сакралды символизмді бейнелейтін, адамның рухани күйі мен жан дүниесін айқындайтын, сондай-ақ ұзақ өмір сүруге, күш-қуатты арттыруға және ұрпақтың болашағын қорғау үшін бағытталған 20-ға жуық туынды ұсынылады.

Көрме 2025 ж. 1 мамырына дейін жалғасады.