Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

27.08.2025 ж. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районының құрылғанына 70 жыл толуына орай ҚХР суретшілерінің «Таңғажайып Қытай: Шыңжаң өнері мен сұлулығы» атты көркем фотосурет пен өнер туындылары көрмесі

2025 жылғы 27 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Бүкілқытайлық мәдениет және өнер қызметкерлері қауымдастығы және ШҰАР мәдениет және өнер қызметкерлерінің қауымдастығы бірлесіп, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районының құрылғанына 70 жыл толуына орай   ҚХР суретшілерінің «Таңғажайып Қытай: Шыңжаң өнері мен сұлулығы» атты көркем фотосурет пен өнер туындылары көрмесін ашады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында мәдени бастамаларды бірлесе дамытуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастау алатын халықтар арасындағы өзара ықпалдастықты, тарихи мұраны насихаттау, мәдени байланыстарды нығайту және елдер арасындағы халықаралық тәжірибе алмасуды ілгерілету. Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі – «Таңғажайып Қытай: Шыңжаңның өнері мен сұлулығы» атты көрменің өткізілуі. Көрмеде ұсынылатын көркем туындылар – бұл Қытайдың Шыңжаң өлкесіне жасалатын сапар, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы өзара байланыс.

Шыңжаң — Қытайдың батысқа қарай ашылуының басты қақпасы, сонымен қатар орталық аймақтар Жібек жолының экономикалық белдеуі, Орталық Азия елдерімен көркем таулар мен өзендермен байланысқан. Қазақстан мен Қытайдың мәдени алмасу тарихы терең, әрі ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік бар. 2025–2026 жылдар Қытай мен Орталық Азия арасындағы жоғары сапалы әріптестікті дамытудың жылы деп жарияланды. 2025 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының құрылғанына 70 жыл толып отыр.  Аталған көрме Шыңжаңның көркемдік қуатын паш етеді. Ол Шыңжаңдағы түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен табанды еңбегін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар жаңа өмірге деген ұмтылысты – экономикалық және әлеуметтік даму, тұрмыс сапасының жақсаруы, мәдени өркендеу мен көркем табиғи ортаның үйлесімін айқын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл көрме Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ашықтықты кеңейтіп, бірлесе «Азия – Еуропа алтын дәлізін» құру, сондай-ақ жоғары сапалы даму арқылы ортақ жаңғыруды ілгерілету бағытындағы жарқын болашақты да рухани тұрғыда сезіндіреді.

Көрмеде Шыңжаңның көркем келбетіне арналған қытай кескіндемесінің 40-қа жуық туындысы ұсынылған. Жұмыстардың арасында көрермен назарына әсем табиғат көріністері – ормандар, жайылымдар, Памир тау жоталары, ауылдар, Үрімжі өзендері мен аңғарлары, сондай-ақ адам еңбегі мен күнделікті өмір көріністері ұсынылады.

https://journals.nauka-nanrk.kz/bulletin-science

rtp slot