Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

18.03.2026 ж. «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Наурызнама» онкүндігінің Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрменің салтанатты

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

07.11.2025 «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2025 жылдың 7 қарашасы күні Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған аудандық Тарас Шевченко мемориалдық музейі қоры негізінде «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Т.Г. Шевченконың қазақ жерінде дүниеге келген туындыларынан тұратын «Қазақ даласын қылқаламмен асқақтатқан…» және украин халқының ұлттық киімдері, тұрмыстық бұйымдары мен кітаптары қойылған «Украин сүлгілерінің сиқырлы әлемі» атты екі бөлімнен тұратын көрмеде Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған аудандық филиалының қорынан алынған 160 жәдігер көрермен назарына ұсынылды.

Салтанатты шараны ҚР Ұлттық орталық музей директорының міндетін атқарушы Саров Сержан Бараханұлы құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Украина мәдени орталығының төраға орынбасары Мария Шеремет, Түпқараған ауданының құрметті азаматы, академик Жұмат Тілепов ұлы ақын, суретшінің шығармашылығы мен көрменің маңыздылығы жайлы сөз етті. Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Абланова Эльвира Амангелдіқызы келушілерді көрменің құрылымымен таныстырып, Ұлттық орталық музейге алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Жас әншілердің көрмені өздерінің шырқаған әндерімен әрледі.

Көрменің мақсаты – қазақ және украин халықтарының тарихи байланысын жаңа қырынан ашу, екі елдің ортақ мәдени құндылықтарын таныту. Сонымен қатар, Т.Г.Шевченконың қазақ даласындағы шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту.

Көрме 2025 жылдың 7 желтоқсанына дейін жалғасады.